• 27 декабря, 2024 10:34 пп

Адам бойындағы қаржылық сауаттылық

Автор:admin

Июн 9, 2024

Қоғамда қаржы алаяқтары мен ақша жымқырғысы келгендер көбейген тұста, нарықта күнделікті тұтынатын тауарлар мен тұрмысқа қажетті заттардың бағасы құбылып тұрғанда әрбір азамат үшін қаржылай сауатты болудың маңызы зор. Қолда бар жинақты дұрыс жаратып, қаржыдан оңай айырылмаудың, дағдарысқа тап болып қиналып қалмау үшін ең тиімді жолы да сауатты болу. Сол себепті қаржылай сауатты адам қандай болу керек, оның негізгі белгілері қандай деген сауалға жауап іздейміз. Адам бойындағы қаржылық сауаттылық деген бейім оның экономикалық процеске және экономикалық қызметке араласуымен, тартылуымен де анықталады. Дүние жүзінде әр жыл сайын түрлі агенттіктер мен компаниялар азаматтардың қаржылық сауатын анықтайтын, өлшейтін зерттеулер жүргізеді. Соның нәтижесін жариялап, белгілі бір елдегі азаматтардың экономикаға тигізер әсері мен ықпалын бағамдайды. Мәселен, өзге елдер де бірнеше жыл қатарынан талдау орталықтарының бірі 85 субъектінің әрқайсысында халықтың қаржылық сауаттылық деңгейіне ауқымды зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесі бойынша ресейліктердің қаржылық сауаттылық деңгейі бір жыл ішінде өсіп, 1 – ден 21-ге дейінгі шкала бойынша 12,37 баллды құрады. Ол көрсеткіш бір жыл бұрын – 12,12 балл болған.  Зерттеу нәтижелері бойынша қаржылық сауатты адамның портреті жасалды: ол – экономикалық үдеріске және экономикалық қызметке қатысатын қаржылық қызметтердің белсенді пайдаланушысы, 1 немесе 2 баласы бар отбасылы адам. Қаржылық сауаттылық деңгейі ерлер мен әйелдерде әр түрлі: әйелдер ерлерге қарағанда қаржылық жағынан сауатты екен (әйелдерде қаржылық сауаттылық индексінің мәні – 12,46 балл, ерлерде – 12,27 балл). Шамамен, 40 жасқа дейін индекстегі гендерлік айырмашылықтар көрінбейді, бірақ 40 жастан кейін әйелдердің артықшылығы айқын көрінеді. Бұл әйелдердің өз үй шаруашылықтарының қаржылық қызметіне көбірек араласуына байланысты (күнделікті шығыстарды жоспарлау, отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін қаржыландыруды ұйымдастыру және т.б.). Бұл ретте ерлер әйелдерге қарағанда қаржы өнімдерін (мысалы, салымдар мен қарыздар), инфляцияның базалық қасиеттерін, сондай-ақ, тәуекел мен табыстылықтың өзара байланысын жақсы түсінеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin