• 16 июня, 2025 6:05 пп

Азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру барысы қалай айқындалған?

Автор:admin

Июн 4, 2025

Азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруда негізге алынуы тиіс бастапқы қағидалардың сақталауының маңызы мен мәнін, оның қазақстандық тәжірибесін ашуға тырысқан еңбекті ерекше атауға болады. Мақалада қазақстандық сайлау жүйесінің мажоритарлық жүйеге қайтадан көшуінің ерекшеліктерін, ауыл, кент көлеміндегі әкімдерді сайлаудың ерекшеліктері мен соңғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттығына сайлауды өткізуде азаматтардың Түркістан облысы бойынша атқарған жұмыстары кеңінен көрсетілмек. Осыған орай, сайлау процесінің ашық әрі жариялы түрде өтуі, сайлауда азаматтың саяси құқықтарын толығымен қамтамасыз ету, сайлауды өткізу барысында саяси науқанға ешқандай кедергі жасамау мәселелері сайлау процесін, соның ішінде дауыс беруді ұйымдастыру тәжірибесін тиімді қараудың өзектілігін туғызып отыр. еңбектердегі ой-пікірлер мен сайлау туралы заңнама нормаларына талдау жасалып, олардың тәжірибемен салыстыруда салыстырмалы-құқықтық, синтез әдісі пайдаланылды. Сайлауды өткізудің қазақстандық тәжірибесін талдай келе азаматтардың саяси құқығына, соның ішінде жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін бірнеше тәжірибелік мәселелер бар екені байқалды. Азаматтардың жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығын жүзеге асыруда туындайтын ең бірінші мәселенің бірі олардың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік тіркеуде болу мәселесі. ҚР Конституциясының 33-бабының 2-тармағы «Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар деп көрсетіледі. Демек, сайлауда жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығын іске асырудың ең маңызды шарты ретінде ең жоғарғы күші бар ҚР Конституциясы «республика азаматы» болуы жеткілікті деп көрсетеді. Бұл мақсатта шетелдік тәжірибелерді ескере отырып10, сайлаушыларды тіркеудің орталықтандырылған жүйесінен бас тартып, олардың кез-келген сайлау учаскесінде дауыс беруіне мүмкіндік беруді қамтамасыз ету уақыт күттірмейді. Оны шешу тәжірибегі ел (аймақ) болашағы үшін дауыс беруге мүмкіндігі бар азаматтарымыздың барлығының да еліміздің кез келген нүктесінде дауыс беруге мүмкіндігін тудырады. Екінші мәселе учаскелік сайлау комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыруда болып отыр. Мәселені тарқатып айтсақ, ең алдымен сайлау комиссияларының бюллетеньдермен қамтамасыз етілуі. Бұл аса маңызды мәселе себебі, сайлау бюллетеньдерінің кез келген қолда жүруі елімізді демократияландыру үрдісіне көлеңкесін түсіреді. Нәтижесінде, сайлаушылардың үмітін жоғалта отырып, мемлекеттік билік органдарына, сайлауға деген сенім азаяды.Бұл мақсатта Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. ҚР Сайлау туралы конституциялық заңы «Сайлау бюллетеньдерiн санау кезiнде комиссия төрағасы немесе комиссияның белгiлi бiр мүшесi қатысушыларға сайлау бюллетенiн көрсетедi және сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялайды», «Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады.» деп көрсетілген. Алайда, тәжірибеде дауыстарды санаудың біркелкі тәжірибесі қалыптаспағанын байқау қиын емес. Көбіне дауыс берудің нәтижелерін комиссия мүшелері ешкімге жарияламастан санайды, сондай-ақ байқаушыларға заңсыз шектеулер қояды (6 метр қашықтықта тұру).13 Осыған байланысты сайлау учаскелерінің жұмысын жоғары аталған қағидаттарға сәйкес ұйымдастыру мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Азаматтардың жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығын жүзеге асыру тәжірибесін талдауда анықталған келесі мәселе дауыс беру процесіне байланысты туындайды. ҚР сайлау туралы конституциялық заңы «республика Президентін, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын, мәслихат депутаттарын ҚР азаматтары тікелей сайлайды және де мұндай төте сайлау құқығын ешкімнің бақылауына мүмкіндік бермеу үшін дауыс берудің жасырын болуы» принципін қарастырады. Науқастығына, қарттығына байланысты бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ сайлаушы өзі сенетін адамның көмегін алуға құқылы деп көрсетілген.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin