• 19 сентября, 2024 10:08 пп

Азаматтардың қаржыгерлік құқықтық қатынастарды дамыту

Автор:admin

Июл 14, 2024

Азаматтардың қаржыгерлік құқықтығының өзіндік сұраныстар мен ұсыныстар база қорларын жасап, оны халық игілігіне бірден ұсына салу мүмкін емес. Себебі, экономика дамыған сайын оның қатынастарын ұйымдастырып жүргізетін категориялар қызметтері жетіле түсіп, құқықтық мазмұны да жаңғыра береді. Дегенмен, бүгінгі күннің негізгі тапсырмасы азаматтардың қаржыгерлік құқықтығын танып білудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру қатынастарын жетілдіруіміз керек. Халықтың қаржыгерлік құқықтық қатынастар қанағаттануындағы ұсыныстар мен өзіндік сұраныстар орны аталғанынан кейін барып оның механизмдік әрекеттерін жетілдіру мен өңдеуге болады. Мысалы, мұндай өңделуге алғашқы кезде оның мазмұндық желілерін анықтау дәл бүгінгі нарық қатынастарының басталуына сәйкестенуі мен оның болашақтағы шыңдалып. Жетілу жолдарын айтуға болады. Демек, азаматтардың қаржыгерлік құқықтық қатынастардың объектілік өзіндік ұсыныстары мен сұраныстары бүгінгі күннен сана-сезімін оятар бастамасы көтеріліп, болашақта баяндалып жатуындағы тапсырмасы бар. Конституция – адамдардың еркіндігіне кепіл болуы, тек әркімнің өзіндік ұсыныстары мен сұраныстарын қанағаттандыратын құқықтығы болған да ғана нығаяды. Азаматтың қаржыгерлік құқықтығы ішінде әйелдер мен аналар құқықтық қатынастар айрықша құндылық ерекшелігі өмірге адамдарды әкелудегі әлеуметтік қамқорлықты қамтамасыз ету қаржыгерлігімен белгіленеді. Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұнв экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі аяқталып отырады. Алайда, тап осындай (стратегиялық) тәсілдеменің болмауы елдің үнемі нашарлап бара жатқан қаржы жағдайынан, мемлекеттің жиынтық қаржы жағдайынан, мемлекеттік жиынтық қаржы балансының тепетеңсіздігінің өсуінен дер кезінде тиісті қорыиынды жасауға және экономикадағы қажетті құрылымдық өзгерістерді уақытылы қамтамасыз етуге, оның бүгінге дағдарыстық жағдайда сырғып түсуінен қорғап қалуға мүмкіндік бермеді. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны  жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады,оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin