• 26 ноября, 2024 12:45 дп

Азаматтық қоғамның даму тетітктері

Автор:admin

Авг 6, 2023

Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттар мен актiлердi ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетiлдiру жəне үйлестiру; мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту жəне мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау; халықтың жоғары саяси, құқықтық жəне азаматтық мəдениетi үшiн жағдайлар жасау; Қазақстан Республикасының Парламентiндегi жəне мəслихаттардағы саяси партиялардың өкiлдiктерiн кеңейту арқылы олардың ролiн күшейту, партиялық фракциялардың құқықтарын кеңейту; адам құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғам институттарының ролiн арттыру; БАҚ қызметiн реттейтiн заңнаманы демократияландыру; дiни бiрлестiктер қызметiн реттейтiн заңнаманы халықаралық стандарттарға сəйкес жетiлдiру; еңбек қатынастарын жетiлдiру; əлеуметтiк саясатты жаңғырту; бизнестiң əлеуметтiк жауапкершілігiн арттыру; азаматтық қоғамның басқа институттарын дамыту; азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, оның iшiнде мəдениет, бiлiм беру, экология, денсаулық сақтау, ақпарат, əлеуметтiк қамсыздандыру, экономика, гендерлiк теңдiк, тұрғын үй саясаты, жергiлiктi өзiн-өзi басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бөлiгiнде қазақстандық заңнаманы жетiлдiру бойынша талдау жасап, жұмыс жүргiзу қарастырылған. Ратификацияланған халықаралық шарттар мен пактiлердiң ережелерiн ұлттық заңнамаға бейімдеу жөнiндегi жұмысты жеделдету, сондай-ақ əлi ратификацияланбаған басқа халықаралық шарттар мен пактiлерге қосылу жөнiндегi жұмысты жалғастыру — азаматтық қоғамның басты бағыттарының бірі. Осы бағыт шеңберiнде заң шығарушылық жұмысына азаматтық қоғам институттарының өкiлдерi мен тəуелсiз сарапшылар тартылатын болады. Қазақстан Республикасының Парламентi Мəжілісінің жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының жұмысын қолдау оны заң шығарушылық процесiнде азаматтық институттардың мүдделерiн есепке алудың бiрегей тетiгiне айналдыруға мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттар ынтымақтастығын нығайту үшiн, мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара iс-қимыл мəселелерін шешу жəне өзара iс- қимыл мен серiктестiк басымдықтарын айқындау жолдарын тұжырымдау үшiн жалпыұлттық тиiмдi үндесу алаңқайына айналуға тиiстi азаматтық форумдарды тұрақты негiзде өткiзу, заң шығарушылық жұмысы, мемлекеттiк, салалық (сектораралық) жəне өңiрлiк даму бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу жөнiндегi қоғамдық кеңестер, консультативтiк-кеңесшi органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрiнде ынтымақтастықтың тұрақты қолданыстағы тетiктерiн орталық жəне өңiрлiк деңгейлерде дамыту, əлеуметтiк мəндi мəселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзу тəжірибесін енгiзу, мемлекеттiк билiк органдарының қызметiн жəне олардың азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн сақтауға, бюджет процесiнiң ашықтығы мен мөлдiрлiгiне байланысты қабылдайтын шешiмдерiн азаматтық бақылаудың өнiмдi тетiктерiн пысықтау жəне практикаға енгiзу, жұмыстың осы бағытының шеңберiнде тиiстi əдiстемелiк база құру, азаматтық қоғам институттарының даму бағдарламаларын iске асыру мониторингi мен олардың сектораралық ынтымақтастығын қамтамасыз ететiн ұлттық ақпараттық-талдамалық желi құруға жəне оны дамытуға жəрдемдесу, сондай-ақ қазiргi заманғы ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар енгiзу, азаматтық институттардың сектораралық өзара iс-қимылының неғұрлым перспективалы нысандары мен əдiстерiн жүйелi түрде зерделеу, анықтау, байқап көру жəне енгiзу, мемлекеттiк билiк пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары үшiн азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимылдың тиiмдi тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау, азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жəне қоғаммен байланыс үшiн елдiң мемлекеттiк жоғары оқу орындарына кадрлар даярлаудың арнайы курстарын енгiзу мəселесiн пысықтау, орталық жəне жергiлiктi мемлекеттiк органдарда қоғаммен байланыс жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелер құру мəселесiн зерделеу, халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сəйкес жұмыс берушiлер, қызметкерлер жəне билiк органдары арасындағы мүдделердi келiсудiң негiзгi тетiгi ретiнде еңбек қатынастары саласындағы тиiмдi əлеуметтiк серiктестiктi дамыту қажет. Мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн ұйымдық, саяси жəне құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге айрықша көңiл бөлу қажет, бұл мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастық жүйесiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Қағидалық тұрғыдан орталық жəне жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырыстың, ең алдымен əлеуметтiк блоктың тетiгiн тарату қажет. Мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысқа арналған бюджет шығыстарын кезең-кезеңiмен ұлғайту көзделген жөн. Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясына сəйкес əрбiр адам өзiне Конституциямен кепiлдiк берiлген экономикалық, əлеуметтiк, азаматтық жəне саяси құқықтарды пайдалануға мүмкiндiгi болған жағдайларда ғана жеке тұлға мұратына қол жеткiзуге болады.Ол үшiн: азаматтық қоғам институттарының жұмысы арқылы адамның құқықтық санасын қалыптастыру; елде жұмыс iстеп тұрған жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн енгiзу жəне азаматтардың жалпыұлттық мəселелерді шешуге толыққанды қатысуын қамтамасыз ету; қоғамда Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттiк рəмiздерге деген құрметтi қалыптастыру; жалпы орта, кəсiптiк бастауыш жəне орта бiлiм беру ұйымдарында құқық негiздерiн оқыту практикасын жетiлдiру; қазақстандық қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде құқық қорғау үкіметтік емес ұйымдардың рөлiн көтеру; құқықтық жүйенi одан əрi ырықтандыру; қылмыстық-атқару жүйесiн ізгiлендiруге, елде қоғамдық қорғау институтын дамытуды ынталандыруға бағытталған жобалар тұжырымдауға құқық қорғау үкіметтік емес ұйымдарын тарту; халықтың əлеуметтiк əлжуаз жiктерiнiң құқықтарын қамтамасыз ету үшiн əлеуметтiк бағдарланған жобаларды жүйелi түрде енгiзу, мүгедектердiң, əйелдер мен жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған əлеуметтiк мəндi жобалар тұжырымдауға үкіметтік емес ұйымдарды белсендi түрде тapту; адам құқықтары жəне əрбiр адам мен тұтас қоғам үшiн олардың құндылығы саласында жалпыға танылған стандарттар туралы халықтың хабардар болуының жоғарғы деңгейiне қол жеткiзу жөнiнде тиiстi мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының бiрлескен ақпараттық жəне ағартушылық науқандарын iске асыру;  жанжалдарды соттан тыс шешу тетiктерiн, дауларды келiссөздер, аралық, келiстiру соттары, делдалдық институттары арқылы сотқа дейiн реттеу практикасын белсендi енгiзу; гендерлiк теңдiктi дамыту жəне нығайту, қоғамдық санадағы əйелдер мен ерлер құқықтарына қатысты келеңсiз таптаурындарды еңсеруге жəрдемдесу қажет. Билiк пен азаматтық қоғамның ортақ мiндетi əлеуметтiк мемлекет құру, елдiң экономикалық басып оза дамуын ынталандыру жəне азаматтардың əл-ауқатын арттыру мақсатында əлеуметтiк саясаттың тиiмділігiн арттыру болып табылады. Азаматтардың Конституцияда кепiлдiк берiлген əлеуметтiк-экономикалық құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк нормалар мен нормативтер белгiлеуге бейiмделген жəне сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саясатын жүзеге асыру үшiн бағдарлық қызмет атқаратын өмiр сүру сапасының ұлттық стандартын əзiрлеу жəне тəжірибеге енгiзу қажет. Ұлттық стандарт мынадай бөлiмдердi қамтуға тиiс: еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамсыздандыру, əлеуметтiк сақтандыру жəне халыққа əлеуметтiк қызмет көрсету, медициналық қызмет көрсету стандарты, тұтыну себетi, бiлiм беру қызметтерiнiң стандарты, отбасын əлеуметтiк қолдау стандарттары, азаматтың жалпы жəне ақпараттық мəдениетiнiң стандарттары, экологиялық мəдениет стандарттары, халықты тұрғын үймен, коммуналдық жəне тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз ету стандарттары. Тəуелсiздiк жылдары жинақталған ресурстық əлеует, бюджет мүмкiндiктерi мен республиканың экономикасындағы оң үрдiстер базасында Қазақстанның өмiр сүру сапасының ұлттық стандартының барлық көрсеткiштерiн Тəуелсiз Мемлекеттер Достастығының барлық елдерi арасында неғұрлым жоғарғы етудiң жəне Қазақстан Республикасының əлемдегi бəсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруiн қамтамасыз етуге толық мүмкiндiк бар. Жүргiзiлiп жатқан əлеуметтiк саясат негiзiне субсидиарлық қағиданы енгiзудiң маңызы зор, бұл адам, отбасы, адамдар тобы, қоғамдық бiрлестiк мүдделерiнен шыға отырып, мəселені төменнен жоғарыға қарай шешудi бiлдiредi. Бұл үшiн əлеуметтiк көмек бағдарламаларын орындауға үкiметтiк емес ұйымдарды кеңiнен тарту үшiн жағдай жасау қажет, бұл өз кезегiнде жергiлiктi деңгейде əкiмшiлiк шығыстарды қысқартуға жəне мемлекеттiң əлеуметтiк саладағы жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар мəселелерді жергiлiктi деңгейде шешуге жəне елде волонтерлық институтты дамытуға қабiлеттi аумақтық үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдай жасау қажет. Бизнестiң əлеуметтiк жауапкершiлiгiн ынталандыру — əлеуметтiк мəндi жобаларды дамыту жəне қоса қаржыландыру, лайықты еңбекақыны уақытылы төлеу, еңбектi қорғауды жəне оның қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, жалдамалы қызметкерлердi əлеуметтiк қолдауды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға апаратын жол. Бұл қоғамда мейiрiмдiлiк, руханилық мəдениетiн қалыптастыруға, моральдық жəне адамгершiлiк құндылықтарын нығайтуға апаратын жол. Кəсiпкерлер үшiн əлеуметтiк жауапкершiлiк арттыру мəселелерiнде олардың қызметi үшiн қолайлы, əлеуметтік қауiпсiз орта қалыптастыруға қатысу мiндетi дəлел болуға тиiс. Қоғамдағы əлеуметтiк-саяси тұрақтылық — бизнестiң табысты дамуының кепiлi.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin