• 27 ноября, 2024 6:46 пп

АЙНАТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ОРЫНДАЛДЫ

Автор:admin

Окт 16, 2023

Шымкент қалалық Еңбекші ауданы бойынша Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде Айнатас елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген. Қазір жұмыс басталған кезеңнен осы мерзімге дейін мердігер мекемелер құрылысты 70% аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізген. Нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында аяқталатын болады. Нәтижесінде 50 абонент табиғи ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ұлттық жоба шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 261 млрд теңге бөлу көзделуде. “Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде қалаларда – 77,3 млрд теңге, ауылдарда – 74,1 млрд теңге көзделген. Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның маңызды бірі ауыз су мәселесі болып табылады.  Осы орайда айта кеткенді жөн көрдік бүгінде Шымкент қаласының халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і 1998 жылы құрылды. Ол елімізде әлеуметтік- экономикалық ахуал төмен, өндірістің дамуы тұралаған қиын кезең болатын. Соған қарамастан, кәсіпорын басшылығы күрделі міндетті қолына алды. Халықты тіршілік көзімен үздіксіз қамтып, кәріз жүйесі бойынша көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды өндіріс шығындарын азайта отырып іске асыру – нағыз тәуекелшілдік еді. Президентіміз Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына сәйкес, 2023-2026 жылдары 38,3 шақырым кәріз жүйелерін жаңартуға, инвестициялық бағдарламаға қаржы қаралды. Ендігі жерде, осы бағдарлама аясында тозығы жеткен 300 шақырым су құбыры және кәріз жүйесін жаңартуға қаржы көзін шешу үшін күш салуымыз керек.
Шымкент халқының саны өсіп, аумағы кеңеюіне байланысты 2023 жылдың басында тәулігіне қосымша 50 мың текше метр шайынды су өңдейтін қосымша имарат құрылысы басталды. Ол аяқталғаннан кейін кешен тәулігіне 200 мың текше метр шайынды су өңдей алады. Кешенді кеңейтуге қажетті қаржы Еуропалық Қайта Құру және даму банкінен және ҚР Үкіметінің субсидиясы есебінен алынды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin