Қаржылық алаяқтық – бұл адамдардың сеніміне кіріп оларды пайдаланып, олардың ақшасын заңсыз жолмен алу әрекеттерін білдіреді. Алаяқтар түрлі әдістерді қолданып, адамдарды алдап, оларға өз қаражаттарын беруге мәжбүр етеді. Бұл қылмыстардың саны цифрлық технологиялардың дамуына байланысты соңғы жылдары айтарлықтай қатты өсіп отыр.
Алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі – интернеттегі фишинг. Фишинг дегеніміз не ?
Фишинг — бұл интернет алаяқтық түрі, онда алаяқтар адамды алдап, оның жеке деректерін, банк шоттарына қатысты ақпараттарын ұрлап алуға тырысады. Бұл әдіс бойынша алаяқтар адамдардың банк карталарының мәліметтерін ұрлап, оларды өз пайдасына қолданады.
Тағы бір кең таралған әдіс – қаржы пирамидалары. Мұнда қатысушылар жаңа адамдарды тартып, олардың ақшаларын салған кезде жоғары табыс табуға уәде беріп, алдап кетеді. Бұл жүйе ұзақ мерзімде жұмыс істемейді, себебі жаңа қатысушылардың ақшасы алдыңғыларға төленеді, ал жүйе қатысушылар саны жеткіліксіз болғанда құлдырайды. “Қабылданған шаралар осы қылмыстардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді. 2022 жылы жасалған интернет-алаяқтықтың саны 4% — ке, Интернет желісі арқылы микрокредиттер беруге байланысты алаяқтықтардың саны 28%-ке, сондай-ақ қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері 27%-ке төмендеді.”-деп баяндайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Қазақстанда телефон алаяқтарынан түскен қоңырауларды тану жүйесі іске қосылғалы бері 300 мың күмәнді қоңырауға тосқауыл қойылды, деп хабарлады ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
WhatsApp немесе Telegram сияқты желілерді бұзудағы шабуылдаушылардың мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі мақсаты — пайдаланушылардың жеке деректеріне және құпия ақпаратына қол жеткізу. Міне, осындай шабуылдаушылардың басты мақсаттары:
1. Жеке мәліметтерді ұрлау: пайдаланушылардың жеке хат алмасуларына, фотосуреттеріне, бейнелеріне және басқа құпия ақпаратқа қол жеткізу үшін шабуыл жасалады.
2. Ақша немесе қаржылық пайда: шабуылдаушылар пайдаланушының банк шоттары туралы ақпаратты алуға немесе фишингтік шабуылдар арқылы ақшаны ұрлауға тырысуы мүмкін. Сондай-ақ, аккаунтты бұзып, туыстары мен достарына қарыз сұрау сияқты алдауларды ұйымдастыру мүмкін.
3. Шантаж және бопсалау: жеке немесе құпия ақпаратты қолына түсіргеннен кейін шабуылдаушы бұл ақпаратты жарияламаймын деп бопсалауы мүмкін.
4. Аккаунттарды пайдалану: бұзылған аккаунттарды басқа мақсатта пайдалану, мысалы, алдауды жалғастыру немесе жалған ақпарат тарату үшін қолдану.
5. Ақпарат жинау: шабуылдаушылар компаниялар немесе саясаткерлер сияқты маңызды тұлғалардың жерлерін бұзу арқылы құпия ақпарат жинап, оны өз мүдделеріне пайдалануы мүмкін.
Қаржылық алаяқтықтан қорғану үшін адамдарға күмәнді ұсыныстардан сақтану және жеке деректерін қорғау маңызды. Алаяқтар жиі заңсыз әрекеттерін жасыру үшін сенімге кіреді, сондықтан әрдайым сақтық танытып, қаржылық операцияларды тексерілген платформаларда ғана жүргізу қажет. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін, қаржылық сауаттылықты арттыру және құқық қорғау органдарына уақытында хабарлау маңызды.
Қаржылық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік шараларын сақтау — алаяқтық әрекеттерге қарсы ең тиімді құралдар.
Ақнұр Асқарқызы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Комьпютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті.