Шымкент қаласының Алтынтөбе (2-кезек) тұрғын алабын мемлекет тарапынан сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы қарқынды жүргізілуде. Ауқымды коммуналды-энергетикалық жобаның 2-кезеңін тапсыру 2026 жылдың І тоқсанына жоспарланған.
Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары әкімдік тарапынан бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Жауапты мамандар газ құбырларын тартып, қосылу нүктелерін орнатып келеді. Барлық инженерлік инфрақұрылым техникалық талаптарға сай кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Бұл жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, тұрмыстық қолайлы жағдай жасауға және экологиялық таза отын түрін пайдалануға мүмкіндік беруге бағытталған. Жоба іске қосылған соң 124 үй (мыңға жуық тұрғын) сапалы табиғи газбен қамтылатын болады.
Коммуналды игіліктерді қосу жұмысы Шымкент қаласы әкімдігінің Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тұрақты бақылауында. Негізгі мақсат – қала тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, қолайлы тұрмыс жағдайын қалыптастыру.
