• 19 марта, 2025 9:01 пп

АНА СҮТІМЕН, ӘКЕ РУХЫМЕН ДАРЫҒАН АНА ТІЛІМ ТУРАЛЫ…

Автор:admin

Мар 19, 2025

    Мемлекеттік тіл — қазақ тіліне қатысты жуырда өткен жиында бір ағамыз осылай дегенде, оның айтқан осы бір қысқа да нұсқа тұжырымы астарында ана тіліміз — Мемлекеттік тілдің  қоғам өмірінде, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өмірінде алатын орны қаншалықтысалмақты, қаншалықты мән-маңызға ие екенін екенін ештеңе айтпай-ақ. түсінуге болады.

Расында да бала дүниеге шыр етіп туған күнінен бастап сол анасы мен әкесінің ана тілінде айтқандарын зердесіне тоқып, әкесінің, ер адамның рухымен, күш-жігерімен өсіп-жетіледі.

Осы орайда, аты- ар-ұяты оянар деген үмітпен, аты — жөнін атамай ақ қояйық, бір министрорынбасарының журналист қазақ, Мелекеттік тілінде жауап беріңіз дегенде, мына жауабына: «Говорите на общедоступном русском языке, а отвечать на ваши вопросы я буду на том языке, на каком считаю нужным» деп  айтқанына зығырданың қайнайды. Ал енді Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова былай деді: « Мемлекеттік тілді білу әр қазақстандықтың азаматтық парызы, міндеті»  дей келе, өзінің Ресейде туып-өскенін, 1990- 2000 жылдары Қазақстанға көшіп келгендерін, содан кейін орыс мектебін бітіріп, жоғары оқу орнына қазақ тілі мен әдебиеті маманы факультетіне оқуға түсіп, еңбек жолын мұғалімдіктен бастағанын айтты. Міне, депутат пен министр  орынбасарының сана- сезімі мен Мемлекеттік тілге деген көзқарасымен құрметі айырмашылығы осындай— жер мен көктей.

Біздің бір қызметкер кешқұрым жұмыстан қайтып келе жатқанында таксиге мінгенде шашы сары, көзі көк орыс жігіті  сол таксиге отырғанда « Где сходите?» деген сұрағына: Қазақша сөйлеңіз» деген жауабынан соң кірерге жер таппай қалғанын айтты.

Енді бірде тағы бір қызметкеріміз Ленгір қаласындағы КМФ банкке несиесін төлеуге барғанда қазақша судай сөйлейтін ұлты орыс кассаоператоры  Морозова Елена Алексеевнаға қатты риза болғанын жеткізді.

Ал енді бір қызметкеріміз Ленгір қаласындағы №1 орта мектебіне жолы түсіп, сонда қазақ кластарында оқитын ұлты орыс  ағалы-қарындастыНикита мен Ксения Королевтердің қазақша судай сөйлеп, мектептің мақтанышына айналғанын естіді.

Ал енді ұлтаралық араздық тудырып шовинистік әрекеттерге барып жүрген, мысалы, Мемлекеттік тілді қорлаған талай азаматтың үстінен қылмыстық істер қозғалып, түрмеде жазасын өтеп жүргенін әлеуметтік желілерден көріп те. біліп те жүрміз. «Бумеранг» деген түсінік бар, яғни, бұл істеген теріс қылық, әкімшілік, қылмыстық әрекеттері үшін ертелі-кеш жауап бересің дегенге келіп саяды. Дәлірек, заң тілімен айтқанда, тіл жанашыры Диас Кузаиров әлеуметтік желіде мемлекттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан дүкенге полиция қызметкерлері келіп,  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 75 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескерткені жайында бейнекөрсетілімі жарияланған.

Ал енді мұндай жайттар қайталанбас үшін, бұқаралық ақпарат құралдарында да, әлеуметтік желілерде де, мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, оны игерген, сөйлеп қана қоймай, домбыра шертіп. ән айтатын, әдет-ғұрпы мен салт дәстүрін жақсы білетін, сақтайтын қаны орыс болса да. жаны қазақ азаматтарды мысалға келтіре отырып, оларды үгіттеп, насихаттап отырған абзал деп санаймын. Ал ондай азаматтар Қазақстанда жетіп-артылады.

Мұрат КАМАЛОВ.

Төлеби аудандық полиция бөлімі бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары

Автор: admin