• 3 декабря, 2024 5:25 пп

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Дек 11, 2023

 

🔷 Бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселе қаралды. Жиында жастар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар мен азаматтардан түскен арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу барысы талқыланды.

🔷 Бүгінде қала аумағында 14—35 жас аралығында 381 796 жас бар, жалпы тұрғындардың 32%-ын құрайды. Жастар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінде құқықбұзушылық және нашақорлықпен лудоманияның алдын алу бойынша мәселелер қаралып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес қаладағы жастар арасында құмар ойындардың зияндығын насихаттау үшін жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп қабырғаларында алдын алу шаралары ұдайы жүргізілуде.

🔷 Қала әкімдігі мен Полиция департаменті қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектептерде профилактикалық жұмыстар ұйымдастырып отыр.
🔷 Қала әкімі жауаптыларға Полиция департаментімен бірлесіп, жастар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту бойынша шараларды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ бұқара халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін жеткізді. Сала басшысы мен аудан әкімдеріне қала аумағындағы жылу жүйелерінің жұмысын бақылауда ұстауды ескертті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin