Арыс қалалық мәдениет үйінде ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жасаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер жәнеоны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылышешу» атты Жолдауын насихаттау мақсатындатұрғындармен кездесу өтті.
Жиынға Түркістан облыстықмәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты ЕржанҚосмамбетов, М.Әуезов атындағы ОңтүстікҚазақстан мемлекеттік университетінің«Халықаралық қатынастар және халықаралыққұқық» кафедрасының доценті, PhD доктор Ермек Бекбосынов, сондай-ақ Арыс қалалықмәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны «AMANAT» партиясы Арысқалалық филиалының төрағасы БақтығалиДілдәбеков ашып, жүргізіп отырды. Кездесубарысында қатысушылар Мемлекетбасшысының Жолдауындағы негізгі идеялармен басымдықтарды талқылап, өз пікірлерінортаға салды.
Алғашқы сөзді Ермек Бекбосынов алып, Жолдаудың маңыздылығы мен оның қоғамөміріне әсері туралы жан-жақты баяндады. Одан кейін Арыс қалалық ардагерлер кеңесініңтөрағасы Әбдісаттар Жүніс және Арыс қалалықтатар-башқұрт этно-мәдени бірлестігініңтөрағасы Расиль Байков ойларын білдіріп, өзұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында Түркістан облыстықмәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөзсөйлеп, Президент Жолдауының еліміздің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжатекендігін атап өтті.
Сонымен қатар, мәслихат төрағасы Президент айқындаған жаңаша тәсілде жұмыс жасаудың маңызды 7 міндетіне тоқталды.Нұралы Әбішов инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистиканы және туризмді жаңаша дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлікті цифрлық дамыту, адам капиталын дамытумәселелеріне кеңінен тоқталып, облыста және қалада атқарылып жатқан жұмыстарды тарқата айтты.
Сондай-ақ, Жолдаудағы әрбір тапсырманың ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, азаматтарды оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.
Жиын қорытындысында қатысушыларЖолдауда көтерілген бастамалардыңөзектілігін атап өтіп, оны іске асыруда бірлесееңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.
Түркістан облыстық мәслихаты