🔷 Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Асар -2 тұрғын алабына бүгін табиғи газ берілді. Мердігер мекеме арқылы ұзындығы 24 шақырымдық құбыр жүргізіліп, нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта жергілікті халық «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасу арқылы өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады.
🔷 Шымкент қаласы әкімнің баспасөз қызметі