• 19 апреля, 2025 9:57 дп

Ассамблея кеңесінің құрамы

Автор:admin

Апр 18, 2025

ҚХА) Мемлекет басшысының 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылды.

Ассамблея құрамы — 583 адам.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыстарда өңірлік ассамблеялар құрылды, оларды тиісті әкімдер басқарады.

Ассамблеяның жоғарғы органы жыл сайын еліміздің Президенті — ҚХА Төрағасының төрағалығымен өтетін сессия болып табылады. Оның барлық шешімдері мемлекеттік органдары үшін міндетті болып табылады.

Сессиялар арасында Ассамблея Кеңесі жұмыс істейді, оған республикалық этномәдени бірлестіктердің (бұдан әрі — ЭМБ) өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері кіреді.

Ассамблея кеңесінің құрамы — 84 адам.

ҚХА қызметі ҚР Конституциясына, ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына (2008 ж.), сондай-ақ Президент Жарлығымен бекітілген ҚХА-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасына негізделген.

2022 жылдан бастап ҚХА-ның жоғары заң шығарушы орган – ҚР Парламенті Сенатында өкілдік етті.  Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚХА ұсынысы бойынша 5 депутат тағайындалды.

Қазіргі таңда республикада 1000-нан астам этномәдени бірлестік, оның ішінде 14 республикалық бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде 405 этномәдени бірлестік ҚХА-да аккредиттелген (14 республикалық және 391 өңірлік).

Еліміздің 17 өңірінде «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдары жұмыс істейді, жаңадан құрылған 3 өңірде филиалдарды ресми тіркеу мәселесі пысықталуда.

«Ассамблея жастары» РҚБ активі — 8000-нан астам жастар.

2022 жылы ҚХА жастары 200 мың адамның қатысуымен 2 мыңнан астам іс-шара өткізді.

40 Достық үйлері — Ассамблеяның көпфункционалды ресурстық орталықтары. Алматы қаласында Республикалық Достық үйі жұмыс істейді.

ҚХА қызметін ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету үшін мемлекет Басшысының тапсырмасымен 2009 жылы ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі құрылды.

Оның құрамында 58 ғалым бар, оның 35 — ғылым докторы, 12 — ғылым кандидаттары, сондай-ақ зерттеу институттарының басшылары мен қоғам қайраткерлері.

Ассамблея қамқорлығымен өңірлерде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде, сондай-ақ ірі кәсіпорындар ұжымдарында 1 072 Ақсақалдар кеңесі (7 145 мүше) және 1 712 Аналар кеңесі (14 148 мүше) жұмыс істейді. Олар жергілікті халықтың өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысады, кез келген жанжалдың алдын алу саласында жұмыс істейді.

ҚХА жұмысының бағыттарының бірі — қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институтын дамытуға жәрдемдесу. Ассамблеяның медиация желісіне 1 республикалық және 19 Өңірлік кеңес, сондай-ақ 19-ы Достық үйлері жанынан кіреді, ҚХА қамқорлығымен 443 диалог алаңы ашылды. ҚХА медиаторларының саны — 1 222 адам.

Ассамблея елдегі қайырымдылықты дамытуға жәрдемдеседі, үйлестіруші және өзге де қолдау көрсетеді.

2022 жылы этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қайырымдыларының көмегінің жалпы сомасы 760 млн. теңгеден асты. 151 мыңнан астам азаматқа түрлі сипаттағы көмек көрсетілді.

2017 жылы меценаттық және қайырымдылық қызметін дамытудағы еңбегі үшін «Жомарт жан» төсбелгісі орнатылды.

2017-2022 жылдары белгі 234 меценатқа табысталды.

Автор: admin