«ЕРКЕНҰР» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНА ҚАЛАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ?
Ордабасы ауданы, Төрткүл елдімекені жақтағы мектептердің асханасын ГЧП арқылы «бөбекжай-балабақша ұтып алыпты»,-деген әңгіме не сұмдық? Қандай критериймен ұтты олар? Жандос Маханбеттің кластасы ма екен, соншалықты ОКЭД-і балабақшаға арналған ТОО-ның басшысының баласы? Әлде басқалай бір жақындығы бар ма, жарылқайтындай? Бұған дейін мектептегі балаларды ыстық тамақпен қамтуда тәжірибесі бар ма, бөбекжай балабақшаның? ОКЭД-і дұрыс келе ме? Тексеріс тағайындап, ЖЕКЕМЕНШІК-МЕМЛЕКЕТТІК ӘРІПТЕСТІК деген атты бүркеншіктеп жамылса, бұзып беріңіздер. Себебі мемлекет қазынасы қос желінді қатар еметін «сауынды сиыр» емес. Бүткіл Ордабасы ауданының ГЧП мен ұтып алған лоттарын тексеріп, кімдер алды, олар Ордабасы ауданындағы барлық асханаларға қандай еңбегі сіңді тексеріп берулеріңізді талап етеміз.