• 20 февраля, 2025 9:26 пп

АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТТЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Автор:admin

Фев 18, 2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша Департамент тарапынан 113 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 29-ы жоспарлы, 84-і жоспардан тыс аудиттік тексерулер.
Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 40,4 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
• 20,8 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар;
• 19,6 млрд теңге – рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 275,4 млн теңге бюджетке өндірілетін қаражат ретінде белгіленді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 182,6 млн теңге (66,3%) бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, 20,2 млрд теңгенің 19,8 млрд теңгесі қалпына келтірілді.
Аудиторлық тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қаражатты пайдалану барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданды:
93 ұйымға қаржылық тәртіп бұзушылықтарын жою және жауапты тұлғаларды қарау туралы нұсқамалар жіберілді ;
107 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды ;
146 әкімшілік хаттама толтырылып, 18,6 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді ;
Заңсыз әрекеттерге қатысты 7 аудит материалы құқық қорғау органдарына жолданды.
Мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау күшейтіліп, қаржылық тәртіпті бұзғандарға қатаң шаралар қолданылуда.
Мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік мониторинг бойынш камералдық бақылау аясында 21 551 мемлекеттік сатып алу конкурсы тексеріліп, оның ішінде 3 615 конкурста жалпы сомасы 93,1 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды. Барлық заңбұзушылықтар бойынша тиісті хабарламалар жолданды.
Онлайн бюджеттік мониторинг аясында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізіліп, 11 білім беру ұйымы бойынша 18,8 млн теңгенің төлемдеріне мониторинг жасалды. Нәтижесінде 3,1 млн теңге қаржылық бұзушылық анықталып, бюджетке толық көлемде өтелді.
Департамент тарапынан мемлекеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасын табады.

Автор: admin