• 19 сентября, 2024 1:48 дп

АЭС-тің пайдасы барма? Қазақстанның энергетика саласындағы пайымы …

Автор:admin

Сен 11, 2024

    Энергия – бұл болашақтың алып күші. Қазақстанның бұлсалада атқарған және атқаратын қызметі өте көп.

Халқыныңсаны жиырма миллионға жақындаған Орталық Азияныңкөшбасшы мемлекеті ретінде, өңірлердің тұрақты дамуыосы саламен тығыс байланысты. Егемендігімізді алып, шекарамызды шегелеп, етек-жеңімізді жинаған сәттеҚазақстан энергия саласында айтарлықтай қиындықтарғатап болды. Тәуелсіздігін енді алған жас мемлекет үшінбарлығы жаңадан басталды. Энергия көздерін табу, халықтыжарықтандыру бірінші әрі, кезек күттірмейтін мәселеболды. Республикамыз баламалы энергия көздерін тауып, өңірлерді сапалы энергиямен қамтамасыз ету үшін көршілеселдердің, осы саладағы жұмыстарына көз жүгіртті. Нәтижиесінде Отанымыз өз энергия көзін тағандап, халықтың сұранысын қанағаттандырды. Әрине бұл уақытшағана еді. Өзгеден сатып алды, өзі де өндірді. Бірақмемлекетіміздің халық санының артуына байланысты, бізөндірген энергия 2035 жылға қарай сарқылмақ дейдіғалымдар. Қайтпек керек? ЭКСПО-2017 Халықаралықкөрмесін өткізген Қазақстан үшін бұл мәселе бас ауыртатынтыйпылға айналды. Әлемнің 9 шы орнын иемденетін, уран өндірісі бойынша 2 ші орынды алатын, табиғи байлығы жетіатасына дейін жетететін, алып елімізэнергияныңтапшылығына ұшырауы мүмкін. Бұл әрине халқымыз үшінде атқарушы үкіметке де ойланатын дүние болмақ.Сондықтан да Қазақстандық ғалымдар дабыл қағуларынтоқтатып жатқан жоқ. Осы орайда мемлекет басшысы өзінің2019 жылғы сайлау алды бағдарламасында АЭС салу бойынша жалпы халықтық референдум арқылышешілетінін мәлімдеген еді. Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев өз сөзінде:

  Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл– ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететінайрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлеміжағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отынкомпоненттерін де өзіміз өндіреміз. Сол себепті мен еліміздің аумағында АЭС салу жайына айрықша мәнберемін. Түптеп келгенде, энергетика қауіпсіздігі мәселесінгеосаяси мүдде емес, нақты қажеттілік пен мүмкіндіктертұрғысынан қарастырып, ғылыми зерттеулер негізіндешешкен жөн. Ел ішінде АЭС құрылысына үзілді-кесілдіқарсылық білдіріп жатқандар да бар. Бұлтүсініктіжайт. Көпшілік Семей ядролық полигонының қасіретінұмыта қойған жоқ. Мұқият назар аударуды қажет ететінбасқа да күрделі жайттар бар. Мысалы, жобаның құнымен экологияға әсерін қаперден шығаруға болмайды.Сондықтан бұл бастаманың мән-маңызын ескере отырып, АЭС құрылысына қатысты мәселені жалпыхалықтықреферендумға шығаруды ұсындым. Халқымыз үшін аса маңызды осындай шешімдердің референдум арқылы ғанақабылданатыны 2019 жылғы сайлау алдындағыбағдарламамда нақты көрсетілді. «Халық үніне құлақасатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ӘділеттіҚазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуыдегеніміз – осы. Болашақта әлі талай қоғамдық талқылауөткізіледі. Азаматтар референдумда дауыс берген кездеАЭС салуды жақтаған немесе қарсы болғансарапшылардың дәйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді деп айтқанболатын.

    Ия, Қазақстанның Халқы ғана АЭС-ды салып салмауын, рефрендум арқылы шешетін болады. Осы орайда 1 жыл бойы қоғам назарын аударған АЭС жобасы, халықтың дәл қазір ашық талқысында. Бірі салыну керек десе, ал екінші бірі салынбауы тиіс деп жан ұшырып жүр. «Jsk.kz» ақпараттық агенттігі осы тақырып аясында Шымкент қаласының салаға қатысты бірнеше мамандарының пікірін білген болатын. Әмірбек Барыс Шоятұлы: (мамандығы энергетик)

Мен өзім энергетик ретінде АЭС салынуын қолдаймын. Бірақ адамдар тұратын аумақтан сәл аулақ болуы керек. Сосын мамандарымыздың біліктілігіне қарауымыз қажет. Үйткені Чернобыльде болған апатты біздің еліміз әлі ұмыта қойған жоқ, сол үшін де үкіметке сенімісіздік білдіріп отыр. Міне осы мәселені қолға алу керек деп ойлаймын.

      Қазіргі кезде елімізде цифрландыру жүйесінің іскеқосылғандығы,  осы мәселеде электр энергиясы аса маңызды стратегиялық ресурсқа айналатынын есепкеалуымыз тиіс. Ал атомдық станция жел мен күнстанцияларына қарағанда тиімді екендігін Қазақстандықғалымдар айтып жүр. Оның үстіне электр энергиясынадеген сұраныс күннен-күнге артып отқаны үкіметтіойландырып отырғанын есепке алу керек.. Сол себепті атом электр станциясын салу ойландырып қоятын дүние екенідігібелгілі. Атом электр станциясының құрылысыҚазақстанның халықаралық мәртебесін айтарлықтайарттырып, әлемдік аренадағы орнын нығайта алады ма? Міне сұрақ. Яғни, атом электр станциялары импорттықресурстарға тәуелділікті азайтады ма? Экономистеріміз не дейді? Айтқұлова Анеля Әбдікәрімқызы (мамандығыэкономист, қаржыгер)

-АЭС салу идеясы экономикалық тұрғыда қолайлы. Дегенмен де оның сапасы қандай болмақ? Милиардттаған қаржы құйылатын бұл жобаны кім жүзеге асырады? Ресей мен Франция әлде Қытай ма? деген сұраққа келеміз. Өзбасым елге атом электр станциясы қажет деп ойлаймын. Баламалы энергия станциясы АЭС сияқты 30-40 жылжұмыс істемейді. Атом электр станциясы тәулігіне 24 сағатістейді. Оның кемі екі энергоблогы болса, біріншісіндекішігірім жөндеу жұмыстары жүріп жатса, екінші үнеміжұмыс істеп тұрады. Қазір мұны халыққа түсіндіру қажет. АЭС салынатын болған күннің өзінде, ол ертең соғылыпбітпейді. Оның құрылысына кемі 10-15 жыл қажет. Ал осынша уақытта біздің жағдайымыз не болады, экономикамыз қалай дамиды деген күрделі сұрақ бар. 


    Не болсада Қазақстан энергия тапшылығының алдындатұр. Әрине оны мемлекетіміз де жасырып отырған жоқ. Дер кезінде осы мәселені референдум арқылы шешу жұмыстарыжалғасып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде халықтықштабтар жұмыс жасауда. Айта өтейік биыл осы мәселебойынша 6 қазан күні Рефрендум өтеді. Өз ойыңызды ашық және анонимдік жол арқылы білдіруіңізге болады.

Сараптама мақала авторы Сағындық Жанысбаев Қалдыбекұлы

Автор: admin