Қазақстан 2050 стратегиясы еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана өзекті емес әлемге, планетаға ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ, бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табудың жолдары көрсетілген. Бүкіл әлемге өзекті болып отырған энергия, су тапшылығы табиғи апаттар, қаржылық дағдарыс оны шешу жолдары жан-жақты қарастырылған. Елбасымыз осы саладағы жобалар жөнінде ғана емес қоғамымыздың ой-санасын түбегейлі өзгерту туралы да қозғаған ойларының орны ерекше. Болашақта дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастыра отырып, қуатты мемлекет құру. Қазақстан 2050 стратегиялық саяси мәні зор бағдарлама – қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыру үшін, ортақ мақсатқа топтастырады. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған басты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елінің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақстандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды. Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсетілген. Осы мақсатта Шымкент қаласының шағын аудандары мен тұрғын алаптарының инфрақұрылымын толық қамту бойынша ішкі орам көшелерінде жүйелі жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Солардың бірі, Қаратау ауданына қарасты Ақжайық шағын ауданы. Ақжайық шағын ауданының Көкиірім көшесінде 20-ға жуық үй орналасқан. Ішкі орам көшенің ұзындығы 500 метр, ені 5 метрді құрайды. Қазіргі уақытта асфальтбетон қабатының бірінші қабаты толықтай төселіп бітті. Сондай-ақ, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қаратау ауданына қарасты Ақжайық шағын ауданы бойынша тағы 22 көшеге асфальт төселетінін жеткізді.
Jsk ақпарат