• 16 июня, 2025 3:37 дп

«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда»

Автор:admin

Май 30, 2025

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналғанауқымды мерекелік іс-шара өтті.

2025 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың қауіпсіздігі басты назарда» атты кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Негізгі мақсат балаларға қауіпсіздік негіздерін үйрету, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігіне аудару.

Іс-шараның ашылуында Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Сергей Афанасьевич Огай құттықтау сөз сөйлеп, балалардың амандығы мен әл-ауқаты қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті.

Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі тәрбиелікмәнге ие болды:

Өрт сөндіру, құтқару және медициналық көмеккөрсету техникалары көрсетіліп, мамандар олардыңмүмкіндіктері жөнінде түсіндірді;

Балаларға өрт пен суда өзін-өзі ұстау ережелерітуралы профилактикалық әңгімелер өткізілді;

Бүлдіршіндер құтқарушылар бейнесін өзкөзқарастарымен бейнелеген сурет байқауынақатысты;

Өрт сөндіруші киімін жылдам кию сайысы, «Кімтапқыратты викторина және спорттықэстафеталар балалардың логикалық ойлау қабілетінжәне тәжірибелік дағдыларын дамытуғабағытталды;

Қызметтік ит Берта өзінің шеберлігін көрсетіп, балалардың көңілін көтерді.

Барлық белсенді қатысушыларға ТЖД тарапынан естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Іс-шара соңында қатысушылар естеліксуретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Іс-шара Президенттің бастамасымен жүзегеасырылып жатқан «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясындағы 10 күндік декада шеңберінде өтті. Осы уақыт аралығында ТЖД-ныңАбай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұранаудандары бойынша басқармалары өзаумақтарында «Ашық есік» күндері, профилактикалық іс-шаралар, танымдықвикториналар, сурет байқаулары мен спорттықэстафеталар ұйымдастырды.

Бұл күн балаларға тек қуаныш пен мерекеліккөңіл-күй ғана емес, сондай-ақ өмірде қажетболатын маңызды қауіпсіздік білімдері мен дағдыларын сыйлады.

Автор: admin