Шымкент қаласында осы тақырыпқа байланысты жыл сайын мемлекеттік реформаларға сәйкес балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бағыты бойынша кешенді жұмыстар атқарылып келеді. 1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 44/25 қарарымен қабылданған және 1994 жылы ҚР ратификациялаған Бала құқықтары туралы Конвенцияның 1-бабына сәйкес «әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады» делінеді. «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңының 1-бабына сәйкес «бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам» деп сипатталады. Зерттеулерге сәйкес, миллиондаған бала – үйдегі, қоғамдағы немесе мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері. 2020 жылғы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы әлемдегі жағдай туралы жаһандық баяндаманың деректері көрсеткендей, жыл сайын әлемде жарты немесе шамамен 1 миллиард бала физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, соның салдарынан олар жарақат алады, мүгедек болып қалады немесе өледі, себебі балаларды қорғау бойынша қабылданған стратегиялар тым сирек орындалады. Жаһандық деректер мынандай мәселе бар екендігін көрсетеді. – Жыл сайынғы статистика 0 мен 17 жас аралығында 40 150 бала өлімі болатынын айтады. – Оның ішінде 28 160 ұл бала және 11 990 қыз бала. – 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалардың төрттен үш бөлігі ата-аналары мен қамқоршысы тарапынан үнемі физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көреді. – Мектепте қорлық көрген 11-15 жас аралығындағы балалардың мектепті сәтті аяқтау мүмкіндігі 13%-ға төмен. – Кішкентай және 20 жасқа толмаған 120 миллион қыз сексуалдық зорлық-зомбылық құрбаны болған. – Әйелдерде интимдік жұптарының физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылығының құрбаны болу ықтималдығы 16 есе жоғары. – 5 жасқа дейінгі әрбір төртінші бала анасының интимдік жұбының зорлық-зомбылығының куәсі болған. – Физикалық, жыныстық және психологиялық зорлық-зомбылықты қоса алғанда, балалық шақтың 4 немесе одан да көп жағымсыз тәжірибелерінен өткен ересектер тұлғааралық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе агрессоры болу қаупіне көбірек ұшырайды және оларда суицид қаупі жоғары.Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың негізгі түрлеріне келсек, алғашқысы – физикалық зорлық-зомбылық. Ол ата-ана немесе баланы тәрбиелеуге жауапты адам салған дене жарақаты баланың өліміне немесе дене/психикалық денсаулығының ауыр (дәрігерлік көмекті қажет ететін) бұзылуын немесе дамуының тежелуіне әкеп соғуы мүмкін. Екіншіден, сексуалдық зорлық-зомбылық – ересек адамды қанағаттандыру/одан пайда көру мақсатында баланы (оның келісімімен/келісімінсіз) саналы немесе бейсаналы түрде (жетілмегендіктен немесе т.б.) ересектермен жыныстық қатынасқа тарту. Сексуалдық зорлық-зомбылыққа жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынас жатады, егер олар қауіп немесе физикалық күш қолдану арқылы жасалса, сондай-ақ зорлаушы мен жәбірленушінің жас айырмашылығы кемінде 3-4 жас болса. Баланың жыныстық қатынасқа келісуі оны зорлық-зомбылықсыз деп санауға негіз болмайды, себебі баланың толық еркі жоқ, ол өзі үшін жыныстық әрекеттің барлық жағымсыз салдарын толық болжай алмайды. Енді бірі психологиялық зорлық-зомбылық – ұзақмерзімді, тұрақты немесе мерзімді психологиялық әсер, бұл баланың патологиялық сипаттағы белгілерін қалыптастыруға немесе оның жеке басының дамуына кедергі келтіреді.
Jsk ақпараттық агенттігі