• 29 ноября, 2024 3:32 пп

БАСҚАРМА БАСШЫСЫН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТІРУ КІМДЕРГЕ КЕРЕК БОЛДЫ?

Автор:admin

Авг 16, 2023

немесе әлдекімдердің арамтер болып солардың шашбауын көтеріп, көсеуін көсеп жүрген «шолақ белсенділердің» қаралауына не жорық? Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшылық лауазымына конкурс жарияланып, Білім саласының тізгінін ұстауға 7 азамат құжаттарын тапсырған болатын. Ал, конкурсқа 2 кандидаттың құжаты жіберіліп, жалпы конкурстық комиссияның шешімі (04.04.2022 жылғы №15-2 хаттамаға негізделіп) бойынша облыстың білім саласын басқаруда Дінислам Болатханұлының кандидатурасы жеңімпаз деп танылды.Былтыр сәуірде облыстық білім басқармасының басшысы болып осы салада жинаған тәжірибесі мол Дінислам Болатханұлы тағайындалды. Мінеки, содан бері өткен бір жылдан астам уақыт ішінде Дінислам Болатханұлы, білім саласын дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде Түркістан облысында мектеп саны мыңнан асып жығылады. Бұл республика бойынша рекордтық көрсеткіш. Осындай тарихы тамырлы, рухы асқақ киелі өлкенің ең негізігі өзегі – білім саласын басқару оңай шаруа емес! Еліміздің білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Сондықтан, білім саласының  өркендеуіне еліміздің әр азаматы жауапты. Жасыратыны жоқ, кейде әлеуметтік желі беттерінде өңірдегі білім саласына қатысты негізсіз айыптаулар мен даулы мәселелер туындап жатады. Дені – күмән мен күдікке толы, сенімге селкеу түсіретін «негативтер!».. Мұндай жағдайдабасқарма басшысы еш асып-саспастан, ашықтықты, бұқарамен кері байланыс орнатуды қолға алды. Аптаның әр бейсенбісін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға арнады. Сонда да кейбір «бәлеқорлардың» түкке тұрғысыз, дәлелсіз жазылған құйтұрқы арыз-шағым т.с.с. тиылар емес. Бұл орысша айтқанда «заказ» ба не? Дінислам Болатханұлы басқарып келе жатқан осы уақыт аралығында нелер айтылмады, не жазылмады десеңізші, тәйірі?! Суға да, отқа да салды.Түрлі көзқарастар қайшылығы оны өз қазанында қайнатты.. Күліп кіріп, ту сыртынан пышақ ұрғандар да болды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ емеспіз бе?  Бірақ ол сынып кеткен жоқ, керісінше, бұл қиындық оның намысын қайрап, жігерін жани түсті.Болашақ кілті –жан жақты дамыған, бәсекеге қаблетті ұрпақ қолында! Ендеше, «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді», -деп, қолдағанымыз жөн болар. Олай дейтініміз, Дінислам Болатханұлы, тікелей осы білім саласының білгір маманы. 1999 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдап, еңбек жолын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде істей жүріп, қазақ филологиясы ғылымдарының кандидаты, кафедра оқытушысы болды. Ол қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратурасын және Қазтұтыну одағы Қарағанды ​​университетінде құқықтану мамандығын тәмамдады. Одан беріде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директордың орынбасарына дейін көтерілді.  Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы қызметтерін абыроймен атқарып келді. Дінислам Болатханұлы Басқарма басшысы болғалы бері аймақтағы білім сапасының артып келе жатқанының бір көрінісі –  оқушылардың бірден төртінші орынға көтерілуі. Мысалы, жаратылыстану пәндері мен математика бойынша Президенттік олимпиадада Түркістандық команда ең үздік бестікке кіріп, өз нәтижелерін өткен жылмен салыстырғанда 30 %-ға көтерді. XVIII Республикалық «Зерде» сайысының ғылыми-зерттеу мен шығармашылық жұмыстары бойынша облысымыздың 12 оқушысы жеңімпаз атанып, көрсеткішті 42%-ға жақсартты. Сондай-ақ, Ө.Жолдасбеков атындағы халықаралық математика мен механика пәндері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының конкурсына 7 қатысушыдан төртеуі жеңімпаз атанды. «Азия-Тынық мұхиті регионы» мен «Жібек жолы» халықаралық математика бойынша олимпиадалар қорытындысында Түркістан облысы өз көрсеткіштерін 12%-ға арттырды. Республикалық математика және жаратылыстану пәндері олимпиадасы бойынша 9%-ға, ал республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми зерттеу сайыстарының нәтижесі бойынша 19 жеңімпаз атанып, сапа өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға көтерілді. Балалардың шығармашылық қабілетін арттырып, оларды танымал ету мақсатында басқарма тарапынан жергілікті Түркістан телеарнасында балалар үшін «Тұран» бала-фест сайысы, ал зерек балалар үшін «Күлтегін» шоу бағдарламалары жасалып, эфирге шықты. Одан бөлек, жыл басынан бері мұғалімдердің аттестациялау процесін автоматтандыру мақсатында «е-портфолио» енгізілді. Ал мектеп кітапханаларын цифрландыру және қажеттіліктерді автоматтандыру мақсатында «е-кітапхана» платформасы мен мектептер асханаларында онлайн төлеу жүйесі енгізілуде. Сонымен қоса, аймақтық білім саласының 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарын әзірленді. Бұл TURKISTAN BILIMI атты кешенді жоспар 11 бағыттан тұрады және білім саласын жан жақты дамытуға, бүкіл процестерді ашық етуге, жемқорлықтың алдын алу мақсатында автоматтандыруға бағытталған. Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2024 жылдары 63 мектептің құрылысы бекітілді. Бұл мектептердің жұмысы және өңіріміздің білім сапасын арттыруда барынша тиімді пайдалану жағын қарастырылып жатыр. Көптің көкейіндегі тағы бір мәселе –оқушылардың тасымалы да өз шешімін тапты. Облысқа 101 жаңа заманауи автобустар лизингпен алынды, яғни 20 орындық 71, 38 орындық 30 жаңа заманауи автобуспен толықтырылды. Бұл көліктер қазіргі кезеңдегі ең озық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл автобустар мектептері жоқ ауыл балаларының қауіпсіз әрі жайлы тасымалын ұйымдастыратын болады. Ауыл демекші, биыл ауыл мектептерінің сапасын арттыру мақсатында Отырар ауданында алғаш тірек мектебі жасақталды. Заманауи үлгіде жасақталған бұл мектепте Назарбаев зияткерлік мектебі тарапынан білім сапасын арттыру, басқару жөнінде мұғалімдер мен директорларына тренинг сабақтар жүріп, ол әрі қарай ауданның алты ауылдық мектебіне басшылық жасап, үлкен әдістемелік орталыққа айналады. Түркістан облысының білім сапасын көтеруде жасалған ең ірі жобалардың бірі2025 жылға дейін мектептегі кітапханаларды дамытудың Жол картасы әзірленді. Осының аясында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы оқушылар мен мұғалімдерді кітап оқуға ынталандыруды көздеп отыр. Кітап оқуды дамыта түсу үшін KitapXAH@ жобасы дүниеге келді. 2023 жылы жоба арнайы сайтқа тіркелу арқылы жүзеге асырылуда. Қазірге дейін көп кітап оқыған оқырмандарды ынталандыру үшін ноутбук пен велосипедтер сыйға берілді. Бұл жобаға кітапханашылар да, мұғалімдер де, 5-10 сынып оқушылары да белсене қатысып жатыр.. Тағы бір айта кететін жайт, басқарма тарапынан білім мекемелерінің басшыларын тағайындауда ашықтықты қамтамасыз ету, ең өзекті мәселе ретінде қаралады. Сондықтан, мұғалімдердің ұсыныстарына құлақ аса отырып, тағайындау кезіндегі сұхбаттасу басқарманың әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде жүргізіле бастады. 2023 жылдан бастап пилоттық жоба ретінде Түркістан облысында 2 колледжде 10-11 сыныптарының білім алушылары оқудан қол үзбей бір уақытта жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алуға эксперименттік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Яғни, мектеп түлегі аттестатпен бірге колледждің дипломын алып шығады, нарыққа қажет мамандықтың иесі бола алады. Кәсіптік және техникалық білім алу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту мәселесі де шешімін тапты. Сондай-ақ, студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау мақсатында 2022-2023 оқу жылында колледждердің кіре берісіне автоматтандырылған бақылау жүйесі (СКУД) орнатылды. Бүгінде облыста дуальды оқыту жүйесі 35 колледжде көлік, тамақтану, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, сервис, энергетика және байланыс салалары бойынша іске асырылып, 5390 студентті қамтиды. Қазіргі таңда жұмысқа орналасқандар саны 734 құрайды. Бір жарым жыл біреуге аз, біреуге көп болар. Тіпті бес-он жыл істесе де артында із қалдырмай кететін басшылар жоқ емес, болды. Дәлел жетеді оған! Әйтседе осы уақыт ішінде ілкімді істерді іс-жүзінде жүзеге асыра білген азаматтың көңіл қуантарлық бірқатар жоба-жоспарларын өздеріңізбен бөліскім келді. Бұл ешқандай жағынып,  жағымпаздану емес! Айталық облыстағы ақ үйдің егесі немесе идеологтардың бірі оның орнына өзінің жақынын қойғысы келген де шығар. Соған тапсырыс та қызу жүріп жатқан болар. Бұл – айдан анық! Бірақ ол «кандидатыңыз» Дінисламның дәрежесіне жетем дегенше, үлгермеді дегенде бір оқу жылы аяқталады. Хош. Сол бір жыл ішінде кім нені өзгерте алады? Неге ұлы керуеннің жолын бөгеуге құмармыз? Абайша айтқанда, «Қазақтың жауы – қазақ» демекші, бір-біріміздің балағымызға жармасқанымызды қашан қояр екенбіз? Байқауымызша, Дінислам Болатханұлының қызметтен кетуін қалап жүрген кейбір мысықтілеулес «блогерсымақтар» тапсырыспен ойына келген былапыттарды жазып, жариялап жүр. Ол адамгершіліктен емес! Сол жазған блогерсымақтардың да ішінара ауру, сырқаты болар.. Ем алып жүрген адамды олай табалауға болмас. Дінислам Болатханұлының әлі де болса елге берері көп. Астанамызбен Солтүстік аймақтарда абыроймен еңбек етіп келген сала маманы. Түркістанның төл перзенті. Оның да Құдайы бар екенін ұмытпайық! Сайып келгенде «Өзімнің туған Елім-Жерімді түлетемін, білім саласын дамытып, парасатты азамат тәрбиелеуге бар күш-жігерімді жұмсаймын!», деген нық мақсатпен келген азаматымызды өзекке теппей, бауырымызға тарта білейік!Керісінше, оның білімі мен тәжірбиесіне, іскерлігіне сенім артып, ақсап жатқан салаларды бірге түзетуге, бірге түлетуге атсалысайық. ӘДІЛ ҚЫРАН.

Автор: admin