• 18 сентября, 2024 11:17 пп

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Автор:admin

Сен 16, 2024

Белсенді жастар арасында қалалық дебат турнирі сәтті аяқталды. Турнир барысында жас қатысушылар “АЭС-тің экономика мен экологияға пайдасы” тақырыбында қызу пікір алмасты. Олар атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, бұл мәселенің экономикалық және экологиялық аспектілеріне қатысты түрлі көзқарастарын білдірді.

Қатысушылардың пікірталас мәдениеті мен терең талдаулары көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті. Турнирдің нәтижесі бойынша үздік деп танылған командалар мен жекелеген қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға “Amanat” партиясының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Бұл турнир жастардың ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың қоғамдық мәселелерге белсенді араласуына ықпал етті. Жастар арасындағы мұндай іс-шаралар ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтарды тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Автор: admin