• 1 апреля, 2025 11:18 пп

БЕС АУДАН БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Мар 31, 2025

Қала аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметкерлері кезекті түнгі рейдтік іс-шарасын өткізді. Кезекті іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің ювеналды бөлімшесінің қызметкерлері, бес аудан әкімдіктері және қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ, «Есірткісіз болашақ» мобильдік тобының мүшелері қатысты.
Қалалық Жастар ресурстық орталығы және Шымкент қаласы Полиция департаменті бірлесе өткізген түнгі рейд кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуды мақсат еткен. Яғни, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі беймезгіл уақыттарда заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын орталықтарында жүруін анықтау, жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың және құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді.
Бес аудан бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шара барысында заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүрген оқушылар мен кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталып, олардың заңды өкіліне әкімшілік хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда, түнгі сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында 16 жасөспірім, 23:00-ден кейін заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде 57 жасөспірім анықталды.

Автор: admin