Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Өткен жылы аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып, 42 көшеге асфальт төселді, ал тағы 49 көшеге шағал тас төселіп, жол сапасы жақсарды. Сонымен қатар, 39 көшеде ұзындығы 21,3 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолдары салынды.
2025 жылы да бұл жұмыстар жалғасады. Жоспарға сәйкес, 59 көше (42,8 шақырым) асфальтталып, 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төселеді. Бұдан бөлек, 35 көшеде 21,1 шақырым жаңа аяқ жол салу көзделіп отыр.
Бұл шаралар аудан тұрғындарының жол жүру қауіпсіздігін арттырып, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.
БИЫЛ ТҰРАН АУДАНЫНДА 59 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ
