• 19 сентября, 2024 9:52 пп

Бюджетке төленетін келесі міндетті төлемнің түрі – төлем.

Автор:admin

Июн 3, 2024

ҚР бірнеше төлемдердің түрлері бар. Түркістан облысыда жалпыға бірдей міндетті төлемдерді бюджетке уақытылы аударып отырған облыстардың санатында. Мысалы олар мемлекеттің меншігіндегі пайдалы қазбаларды пайдаланғаны үшін алынады. Сол секілді біздің облысымызда пайдалы қазбаларды пайдаланғандығы үшін төлем төлеу міндеттелген. Республикалық бюджеттің кіріс көздерін атайтын болсақ, салықтардың ішінде: корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салық, акциздер, жоспардан тыс түскен табысқа салық. Баждардан: біздің терриориямызға алып кірілетін тауарларға, алып шығарылатын тауарларға кедендік баждар, роялти, бонустар, кедендік бақылау мен кедендік процедуралардан түсетін түсімдер. Алымдардан: гербтік алым, Қазақстан Республикасы территориясынан автотранспорт құралдарының өткені үшін алынатын алым, азаматтық әуе кемелерін, теңіз, өзен кемелерін тіркегені үшін алынатын алымдар, радиоэлектрондық құралдарды тіркеу үшін алынатын алымдар, дәрілік құралдарды, радиожелілік ресурстарды тіркегені үшін алынатын алымдарды айтамыз. Сондай-ақ, салықтық еместер кірістер де бюджетті қалыптастырады. Айталық, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың пайдалары, Ұлттық Банктің пайдасы, республикалық меншіктегі кәсіпорындардың дивиденттері, мемлекеттік лотореялардан түскен пайдалар, республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен қаражат,  орталық мемлекеттік органдар салатын әкімшілік айыптар және банктер төлейтін айыптар, Ұлттық қордан аударылған қаражат және ресми трансферттер мен капитал қозғалысынан түскен ақшалар. Ал, жергілікті бюджеттердің кірістеріне спирттің барлық түрлеріне, темекі өнімдеріне, икра мен қызыл балыққа, қымбат металлдарға, бензинге акциздер, әлеуметтік салықтар және жеке табыс салығы, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүліктеріне салықтар, жер салығы мен транспорт құралдарына салықтар, сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркегені үшін, жеке тұлғаларды тіркегені үшін, жергілікті маңызы бар  мемлекеттік автомобиль жолдарымен транспорт құралдарының жүргені үшін, кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат бергені үшін,  жол бойына жарнамалар ілгені үшін алынатын алымдар түседі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin