• 19 сентября, 2024 11:56 пп

Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші

Автор:admin

Июн 4, 2024

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы — тікелей бюджеттік даму көрсеткішімен өлшенетіні белгілі.  Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отьтрып экономиканың фактілі көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту бойынша үсыныстар беріледі. ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министерствасы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.Және заңдамамен көрсетілген аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ҚР-ның стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасаудың сала аралық координациясын басқаруды жүзеге асырады және ортамерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және сәйкесінше қаржылық жылға республикалық бюджет жобасын құрастырады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министерствасының құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалык саясат және индикативті жоспарлау Департаменті айналысады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің накты тізімі өкілетті органмен анықталады, яғни ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық Банкісімен келісіп жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі. Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші этапта алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын Республикалық индикативті жоспар жасалынады. Министрлік орталық және жергілікті басқару органдарына,басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға республикалык индикативті жоспар Баяндамасының құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін, формасын жібереді. Одан кейін Министрлік алдағы үш жылдық мерзімге арналған экономика дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді. Республикалық индикативті жоспардың Маңызды көрсеткіштерінің болжамы бюджеттік комиссиямен қолдауы жасалғаннан кейін Министірлік үш күндік мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта жібереді. Екінші кезеңде елдің экономикасының дамуының болжамдық бағаларының нақты анықталуы және бюджеттік комиссиямен қарастырылғанын ескере отырып, бөлімдердің корректировкасы жүргізіледі. Қазақстан Республикасында бюджеттің құрылуы бюджеттік заявкалардың қосылуына және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың ары қарай нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде төлемсіздік тізбегін экелетін, несиелік қарыз тудыратын,»нақты емес» бюджет құрылатын. Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар болуы тиімді жоспарлау сүрағын бұзатын: тәжірибеде арнайы шоттар арқылы бір соманы қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын, сөйтіп, олар коммерциялық іс-эрекетке бағытталған және, көбінесе, өздерінің негізгі функцияларына «тиімсізң жұмыс істеген.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

 

 

Автор: admin