Мақсат кез келген сипатқа ие болып отыруы мүмкін. Қартайған шақта таршылықсыз өмір сүру, ипотеканы мерзімінен бұрын төлеңіз, миллион теңге жинау үшін ақша жинай бастыңыз – сізді не ынталандыратынын таңдаңыз. Маңызды сәт: бюджетті өз шығындарыңызды талдап және өзіңіздің қаржылық әдеттеріңізді анықтағаннан кейін ғана жоспарлап отырған дұрыс. Себебі мақсатыңыз қаншалықты өршіл болғанымен, күнделікті қажетсінулер бәрібір де басым болады. Тіпті қаржылық тұрғыдан сауатты адамның өзіне келешек үшін кішкентай қуаныштардан бас тарту қиынға соғады. Сол себептен жоспарлау кезінде өзіңіздің үйреншікті өмір салтыңызды ескеріп және сол не өзге шығындардан бас тартуға дайынсыз ба, өзіңізге осы сұраққа шынайы жауап беріңіз. Жоспарлаудың бюджетті есепке алумен қатар мақсатқа жетуге қалай көмектесетінін мысал келтіре отырып қарастырайық. Мысалы, мақсатыңыз – ай сайынғы кірісі 500 000 теңге болатын 800 000 теңгеге демалысқа бару. Сонымен, сізге 2 ай ғана жұмыс істеу керек — және сіз сапарға дайындала аласыз. Бірақ чемоданыңызды жинауға асықпаңыз. Соңғы 2-3 айдағы шығындарды зерттеуден бастау керек: Міндетті төлемдердің – өздерін азайту мүмкін болмайтын төлемдердің сомасын есептеңіз, олар: тұрғын үй қызметтерінің төлемі, несиелердің және т.б. төлемі (мысалы, 150 000 теңге шықты делік); жақын арада қандай шығындардың көзделіп отырғанын ойлап көріңіз: салықтар, стоматология, ААЖМС мерзімін ұзарту (мысалы, тағы 100 000 теңге); кірістен барлық міндетті төлемдерді алып тастаңыз (500 – 150 – 100 = 250 000 теңге); алынған мәні – өзінің бір бөлігін сіз «өмір сүруге», ал қалғанын демалысқа қалдыратын сома; міндетті емес шығындық баптардың барлығы бойынша, сонымен бірге тамақтану мен көлікке қатысты шығындарды қоса алғанда, орташа есеппен қанша ақша жұмсайтыныңызды қарап көріңіз (мысалы, 90 000 теңге); осылайша сіз демалысқа жинай бастайтын ең аз соманы алатын боласыз (250 – 90 = 160 000 теңге); мақсатыңызға қанша мерзімде қол жеткізетініңізді есептеңіз (800 000 / 160 000 = 5 ай.); жылдамырақ жинау үшін міндетті емес төлемдерді қалай азайтуға болатынын ойланып көріңіз. Енді жақсы табыспен де демалысқа ақша жинау оңай емес екені белгілі болды. Шығындарды қысқартудан басқа, кірісті арттыру арқылы мақсатқа жетуді жеделдетуге және экономикалық жағдайыңызды жақсартуға болады.
Jsk ақпарат орталығы