• 25 ноября, 2024 6:27 пп

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары

Автор:admin

Июл 14, 2024

Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни орталықталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады. Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және «Бюджет жүйесі туралы», «Жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген. Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешелігі сәйкес Қаазақстан Республикасының Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы мистрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің бас шаруашылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-несие саясатын жүргізетін субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп, білінеді. Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына шектеуге мүмкіндік береді. Оны мына сызба арқылы көруге болады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin