• 19 сентября, 2024 10:10 пп

Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады.

Автор:admin

Июн 3, 2024

Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Біздің облысымыз Түркістан – жергілікті бюджет есебінен бюджеттік мекемелерге мемлекеттің құрылымы ретінде унитарлы дәрежеде салық төлеп отыр. Осы мақаламызда мемлекеттердің ұстанымына қарай, бюджеттің қандай болатынын егжей-тегжейлі түсіндіретін боламыз. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан — федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың. Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджет жүйесі ең алдымен сол мемлекеттің басты заңымен қаралады. Қазақстан Республикасы өзін зайырлы ел ретінде таниды. Экономикасын бірінші орынға қоя отырып, құқықтық акттермен есепке ала отырып қаржы нарығын біркелкі жүйемен ұстап келе жатқан елдердің бірі. Сондықтан да Қазақстан қаржы нарығын әрдайым есепке ала отырып, халықтың әл-ауқатын дамытуға арналған реформалар қатарын көбейтіп, жүргізіп отырған дамушы мемлекет.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.

Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:

республикалық бюджет;

облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;

ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті).

Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin