• 20 сентября, 2024 12:05 дп

Бюджет тапшылығын ақшалай қаржыландыру

Автор:admin

Июн 4, 2024

Бюджеттік тапшылықты ақшалай  қаржыландыру механизмі. Ия, бұл үрдіс Түркістан облысында қолданылатын тәсілдердің бірі. Енді механизмге тоқталсақ ол қалай жүзеге асырылады? Егер қаржы мекемесі тапшылықты қаржыдандыру үшін орталық банктен қарыз алатын болса, онда ол ақшалай қаржыландырады деген мағынаны білдіреді. Ақшалай қаржыландыруда орталық банк қаржы мекемесінің қарызын сатып алады. Ақшалай және қарыз алу арқылы қаржыландыру арасындағы айырмашылықты білуіміз керек.Қаржы мекемесінің бағалы қағаздарды орталық банкке сату ақшаны қарыз айналымына жіберуге жатады.Яғни орталық банк қарызды қаржыландыру үшін құнды ( күші бар) ақша шығырады.Мұндай ақша қоры негізгі микроэкономикалық құбылыс болғандықтан,қарызды қоғамға сатуы мен оны орталық банкке сату арасында маңызды айырмашылық бар. Бұдан үкіметке тапшылыққа қарағанда артықшылық басым болатыны көрінеді.Ол кезде үкімет облигацияны сатудың немесе құнды ақша соммасын өсірудің орнына айналымдағы облигация қорын кемітеді.Немесе құны жоғары ақша ұсынымын азайтады. Әдетте бюджет тапшылығын қаржыландырудың кең тараған түрі – ақшалай немесе қарыз алу арқылы қаржыландыру мен активті сату арқылы қаржыландыру аз қолданылады,алайда ол 1980 жылы АҚШ – та,Еуропада және басқа да дамушы елдерде маңызды бола бастады.Егер үкімет жерді немесе өндірісті жеке секторға сатса,онда одан түскен кірісі бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады немесе мемлекеттік қарызға төленеді.Айта кететін жайт: қаржыландырудың мұндай түрі уақытша қолданылады. Егерде тапшылықты қоғамнан қарыз алу арқылы қаржыландыратын болса, онда ол – қарызды қаржыландырумен шұғылданады деген сөз.Жеке адамдар және фирмалар, оның ішінде коммерциялық банктер, басқа да қаржы мекемелері ақшаны чекпен төлейді.Ол чектер не жеке банктегі қаржы мекемесінің есебіне немесе орталық банкке салынады.Қаржы мекемесі ол қорды салық кірісі тәрізді жұмсайтын болады. Бюджет тапшылығын артыру мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеледі. Мемлекеттік қарыз – белгілі бір уақыттыа жиналған бюджеттік тапшылықтың сомасы, бұл сомадан осы уақыттағы бюдджеттің оң сольдосын шегеріледі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin