• 25 ноября, 2024 5:58 пп

Бюджет қаражаттарының жұмсалуының тиімділігі

Автор:admin

Апр 11, 2024

Бұл бюджет қаражаттарын бөлуді жоспарлаудың барысында тиянақты зерттеулер мен сараптаулардың өз дәрежесінде жүргізілмеуінен салдарынан болатын жағдай. Мысалы, аудан аралық автомобиль жолдары мен қала көшелерінің ағымдағы және күрделі жөндеудің кезектілігін анықтау үшін автокөліктердің жүру тығыздықтарын немесе басқа да көрсеткіштерін анықтайтын зерттеулер мен талдаулар жүргізілмейді. Ондай жұмыстар білім, мәдениет және денсаулық сақтау салаларының объектілерін күрделі немесе қайта құру жұмыстарына бюджет қаражатын жоспарлау мен бөлуде толық қанды атқарылмайды. Солардың себебінен жаңадан салынған кейбір мектептерде тиісті оқушылар саны жетіспей олардың ғимараттары толық және тиімді пайдаланбайды. Осындай фактілер денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салуда орын алуда. Көп жағдайда бюджетте қарастырылған қаржылардың жоғарыда аталған жұмыстарға тиісті сараптаулардың қорытындыларымен жоспарланбай, билік өкілдерінің немесе маслихат депутаттарының беделі мен белсенділігінің нәтижесінде, дәйексіз көрсеткіштерге орай бөлінетінін теріске шығаруға болмайды. Сондықтан бюджеттік бағдарламалардың сандық және сапалық көрсеткіштері нақтыланып, бөлінген бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді жұмсалуын дұрыс бағалау мүмкіншілігін туғызатынындай болуы шарт. Бұл талаптардың орындалмауы моралдық тозығы жеткен және қажеттілігі шамалы құрал-жабдықтарды, қымбат автокөліктерді сатып алуға, бірінші кезекте жүргізілуді қажет етпейтін құрылыс және жөндеу объектілерін салуға жол бермеуге мүмкіндік туғызады, яғни бюджет қаражаттарының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізеді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin