• 16 сентября, 2024 7:55 пп

Бюджет қаражатын дұрыс жоспарлап, тиімді жұмсау – аса маңызды мәселе.

Автор:admin

Июн 1, 2024

Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы, бұл ретте ысырапшылдыққа жол берілмеуі — маңызды міндет. Осы міндетті Түркістан облыстық бюджеттік мекемелерде қалай орындалып отыр деген сауал бүгінгі күні бас ауыртар мәселелердің біріне айналып отыр. Бұған өткен жылғы жүргізілген тексерулер қорытындысы нақты дәлел бола алады. Жаңадан салынатын құрылыс нысандарының жобалық құны 2 млрд теңгеден асқан жағдайда қазынашылық сүйемелдеу қолданы­лады. Қаржы министрлігі қолға алған бұл бастама көлеңкелі экономи­каның алдын алуға, бюджет қаражатын оңтайлы пайдалануға бағытталған. Осы міндетті Түркістан облысы жеткілікті ддеңгейде орындап отырғандығын тілге тиек еткіміз келеді.  Жоба шарты бойынша барлық операциялар қазы­на­шылықтың аумақтық бөлім­шелерінде ашылған жеке шот арқылы жүзеге асады. Бас мер­­дігер мен бірінші желі­дегі қосал­қы мердігер ғана шот аша алады. Шоттағы ақша жоба аяқталғанға дейін сақталады. Құрылыс нысаны пайдалануға берілген­нен кейін қаражатты екінші дең­­гейлі банктегі шотына аударуға болады. Бюд­жет қара­жаты есебінен қаржы­лан­дырылатын құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бар­лық ақшалай төлемдерді ба­қы­­лау­ға мүмкіндік бере­тін бұл жоба өткен жылы Түркістан облысында да ен­гізілді. Облыстық қазына­шы­лық департаменті бас­шы­сының орынбасары Ин­дира Нухинаның айтуынша, облыстағы бірнеше құрылыс нысандары осы жоба аясында жұмыс істеп жатыр. Жаңа жобаның тиімділі­гімен қатар кемшін тұстары да күнделікті жұмыс барысында белгілі болып отыр. Кә­сіп­­кер­лер алдын ала төлем жасау, электронды шот-фак­­туралар негізінде тө­лем аудару кезінде қиын­дық­­тар туындағанын айтып ша­ғымданған. «Қазына­шы­лық органдарында осы мәсе­леге жауапты арнайы қызмет­кер тағайындалды, – дейді Ин­­­дира Нухина. – Ол жоба бас­тал­ғаннан аяқталғанға дейін сү­йе­мелдеп, мәселеге құзыреті шегінде түсініктеме береді». «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жол­дауында бюджет шы­ғыс­­тарының тиімділігін арт­тыруға баса мән берген болатын. Құрылыс саласындағы мем­лекеттік сатып алуларға енгі­зілген бұл өзгерістің де бас­ты мақсаты – осы. Тек халық­ара­л­ық тәжірибедегі үрдісті өзі­міз­ге бейімдеу кезінде әлі де жетіл­­діретін тұстар барын на­зар­ға алуымыз керек.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin