• 28 декабря, 2024 1:58 пп

Бюджет қаражы мен салалық қаржыландырудағы венчурлік әдіс!

Автор:admin

Июн 8, 2024

Инвесторлар қаржы қаражаттарды ұсынумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, жаңа компанияны басқаруда белсенділік танытады. Ал Түркістан облысы инвесторлар үшін өте қолайлы облыс. Инвестор капитал ұсынған кәсіпорынға әртүрлі көмек көрсетуге дайын болу керек. Мәселен, басқаруға қатысу, кеңес беру, байланыстарды реттеу және т.б. Мұндағы басқаруға қатысу тәуекел деңгейін төмендетіп, капитал салымының табыс нормасын жоғарылатады. – Бақылау пакетінің реципиент компанияға тиесілілігі. Қаржыландырылған компания бақылау пакетін иемденуі оның бизнестік дамуына белсенді қатысуының стимулы. – Тәуекелі жоғары қаржыландыру ғылымитехникалық прогресстің ең дамыған бағыттарында жүзеге асырылады. Белгісіздіктің жоғары деңгейі венчурлық қорлардың жобаға қаржыландыру жүргізуге кедергі бола алмайды, себебі, мұнда табысты табудың ең жоғары мүмкіндігі жасырылған. – Инвесторлар жоба бойынша барлық жауапкершілік пен қаржылық тәуекелді кәсіпкермен бөліседі. Шетел тәжірибесі бойынша әрбір венчурлық қор жылына 400 бизнес-жоспар қарастырып, орташа есеппен соның бесеуін ғана қаржыландырады. Мәселен, венчурлық қорлар бір компанияға 10 миллион доллар көлемінде қаржыландыру жасаса, жобадан шығу кезінде оны 200-400 миллион АҚШ долларына сатады. Осылайша, венчурлық қорлардың негізгі мақсаты – өте жоғары тәуекелге сәйкес ең жоғары пайда табу. Қазақстан Республикасында венчурлық қаржыландыру дами бастады. Бұл Ұлттық инновациялық жүйені құру және жетілдіру бағдарламасының бөлігі болып табылады. Қазақстандағы бастапқы кезеңдегі венчурлық қорларды құру тек мемлекеттің белгілі бір мөлшерде үлесінің болуы арқылы жүргізілді. Венчурлық индустрияның құрылу кезеңінде мұндай мемлекеттің қатысу сызбасы барлық дамыған мемлекеттердің тәжірибесінде қолданылған. Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты – «Қазына» орнықты даму қорына кіретін «Ұлттық инновациялық қор» негіз болған. 2004 жылдан «Ұлттық инновациялық қор» қазақстандық инвесторлармен бірігіп, 6 венчурлық қор құрды: «Адвант» венчурлық қоры» АҚ, «Венчурлық «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ, «Сентрас» АИФРИ» АҚ, «Glotur Technology Fund» АИФРИ» АҚ, «Almaty Venture Capital» АҚ, «Logycom Perspective Innovations» АИФРИ» АҚ.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin