• 24 июня, 2025 8:36 пп

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ #НАШАПОЛИЦИЯ

Автор:admin

Июн 24, 2025

Ерлікке тағзым: Түркістан облысында полиция гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді

⚜️Түркістан облысы полиция департаментінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

✅Айта кетсек, Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 60-тан астам полиция қызметкері қаза тапқан. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жиналғандар жұлдызы ерте сөнген әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

🫡Полицей болу– күнде жұмысқа шығарда алдыңда не күтіп тұрғанын білмейтін қиын да қауіпті салалардың бірі. Соған қарамастан ел қорғаны болған азаматтар қашанда берген анттарына адал болып, мінсіз қызмет етуде.

☝🏻Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді. Олардың ерлігі мен қаһармандығы еліміздің жас ұрпағына лайықты үлгі!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin