• 25 ноября, 2024 7:27 пп

БІЗ ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРМЕН БІРГЕМІЗ!

Автор:admin

Сен 4, 2022

 

Кешелі бері Қостанай облысында болып жатқан алапат өрттің салдарынан апат аумағындағы тұрғындар зардап шегіп, орман алқаптарына үлкен залал келуде. Тілсіз жауды ауыздықтауға республика тарапынан барлық күштер жұмылдырылып, қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары атқарылып жатыр.

Осыған орай қазақстандықтар, оның ішінде Шымкент қаласының тұрғындары да Қостанай облысына гуманитарлық көмек жиналып жатқандығын ести сала бір кісідей жұмылып, түрлі ұжымдар мен тіпті жеке адамдар да көмек қолын созуда.

Солардың бірі — Абай ауданына қарасты «Жібек жолы» көтерме базары мен «Сандыбаев» мал базары ұжымдары. Базар әкімшілігі нақты көмек ретінде жалпы 2 тоннаға жуық азық түлік және гигиеналық заттар әкелді. Атап айтқанда, картоп – 500 кг, сәбіз – 200 кг, пияз – 500 кг, қырыққабат – 100 кг, асқабақ – 20 кг, макарон өнімдері – 100 кг, күріш – 50 кг, шәй, печенье, сұйықмай, сусындар және гигиеналық заттар да бар.

Құрметті шымкенттіктер!

Қостанай облысындағы өртке байланысты Шымкент қаласы, Бейбітшілік 3 және Түркістан 1 мекен-жайы бойынша гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды. Онда апатты аймақтың тұрғындарына көмек ретінде бұзылмайтын тағам өнімдері, жеке гигиеналық заттар, төсек бұйымдары және ауызсу толтырылған құтылар жинақталуда. Егерде көмек қолын созам деушілер болатын болса, осы мекенжайға келулері керек. Көмек жинау пункті күндіз-түні жұмыс істеп тұр.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші өрттен жапа шеккендердің қиын жағдайына бей-жәй қарамай, олардың қалыпты өмірге жақын күндері қолжеткізулеріне барынша жәрдем берейік!

Автор: admin