• 16 сентября, 2024 8:08 пп

Бүгінгі әскери қызметкер – ана тіліне деген құрметі!

Автор:admin

Июн 1, 2024

Елімізде Отаны үшін тер төгіп, тыныштығы тмен қауіпсіздігін күзетіп жүрген мамандықтардың бірі – әскери қызмет саласы. Баршамызға мәлім бұл салада ана тіліміздің ақсайтыны тағы бар, дегенмен де сең қозғалып, әскери қызмкеткерлердің ана тіліне деген құрметін арттыру бағытында Шымкент қаласында кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Мұндағы мақсат айқын – әскери қызметкерлеріміздің ана тіліне деген сезімін күшейтіп, Отанына деген адалдығын адал атқару.  Осы орайда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында Әскерилендірілген теміржол мекемесінің қызметкерлері арнайы дәріс өтті. Онда мемлекеттік тілдің дамуына назар аудару, әсіресе өңірлерде тиісті дәрежеде қолға алу мәселелері талқыланды. Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Мұндағы «Сөйлеу тілі» ауызекі сөйлеу деген мағынада емес, керісінше, жалпы адамзатгың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды береді. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз «Сөйлесім тілі» деген тіркесті де қолданамыз. Себебі, «Сөйлесім», «Сөйлеу» түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу процесінің тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. «Сөйлеу» деген сөздің өзі адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, көбіне біржақты әрекет ретінде қабылданады. Қоғамда азаматтардың бір-бірін тыңдай алмайтын күйге түскенін байқаймыз. Сондықтан, алдымен, дұрыс тыңдай алу, дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу, дұрыс оқуды сабақ барысында дағдыға айналдырып, қарым-қатынас әдебін қалыптастыру мақсатында жұмыс істеліп жатыр. Бірнеше тараудан тұратын дәрістің толық курсы аяқталған соң, Әскерилендірілген теміржол мекемесінің қызметкерлері мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін әрбір азамат өзінен бастауы керек екенін ұғынып, орталық оқытушыларына алғысын білдірді. Міне осындай іс-шаралар қаламызда көптеп өтіп тұрса, осы салада атқарылып жатқан жұмыстардың жанданатындығын есепке алуға болады. Бұл деген сөз әскери қызметкерлердің біліктілігін арттырып, біліміне – білім қосатын нағыз талпыныс қадамдарының бірі болмақ.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin