Жауапты сала басшысы Ғани Бейсембаев құр әурешілікті азайтып, мұғалімдердің сапалы білім беруіне мейлінше көңіл бөлеміз дейді. Әсіресе ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталады.
Сондай-ақ біліктілігін арттыру үшін мектеп қабырғасында сабақ беретін мұғалімдер саналы өмірінде жиған-терген сертификат, мадақтама қағаз, дипломдарын көшірмеден өткізіп әуре-сарсаңға түсетін. Қазір барлық құжат электронды форматта сақталатындықтан, бұған дейін талап етілген бұл норма да алынып тасталды.