• 23 ноября, 2024 11:30 пп

БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Автор:admin

Июн 25, 2024

Мемлекеттік қызмет істері агенттігітарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдылық бере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Өз кезегінде, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментіне бірнеше азаматтар тарапынан мемлекетік мекеменің тарапынан тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тарту туралы шешімімен келіспей арызданды.

Арызында отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болған жағдайда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекке тұруға кедергі болмайтынын көрсеткен.

Осыған қарамастан, қызмет беруші қызмет алушыларға мемлекеттік тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартқан.

Департамент арыз негізінде тиісті мемлекеттік мекемеде жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

Анықталғандай, арыз иелері жекешелендіру шартына сәйкес тұрғын үйдегі үлесі жиырма бес пайыз құрайтыны белгілі болды.

Сондай-ақ, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның
13-бабының 9-тармағында Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды.

Демек, мекеме тарапынан қызмет көрсетуден бас тарту себептерін нақты көрсетпей, Заңнама талаптарын сақтамай, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғаны анықталды.

Нәтижесінде, Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында қызмет берушігетүсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті нұсқама енгізді.

Департаментпен қабылданған шаралар нәтижесінде арыз иелері тұрғын үй кезегіне қойылып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ітсері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Серік Бектұрсынұлы ӨМІРЗАХОВ

Автор: admin