Мақала венчурлық бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктерін талдауға арналған. Венчур сөзі, бір жағынан, кәсіпорын, екінші жағынан, тәуекел деген сөзді білдіреді. Ал Түркістан облысында тәуекелге белді байлайтын кәсіпкерлер көп. Бұның мәні – нарықта бұрын-соңды болмаған өнім жасайтын кәсіпорынға үлкен ақша қаражаттарын салу, бұл тәуекелі өте жоғары қадам екені белгілі. Венчурлық бизнес тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми-техникалық немес технологиялық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келеді. Бүгінгі таңда, венчурлық бизнес Қазақстанда құрылу фазасында болып отыр. Венчурлық бизнестің басты мақсаты – бір кәсіпкердің қаржылық капиталын және екінші кәсіпкердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін нақты экономикалық секторда бизнес арқылы қоса отырып, болашақта жаңа компанияның екі кәсіпкерге де пайда әкелуі. Инновациялық бизнестегі ең маңызды мәселелердің бірі – бұл инновациялық жобалардың қаржыландырылуы болып табылады. Инновациялық бизнесті тәуекелдік немес венчурлық деп те атайды. Инновациялық бизнестің тәуелділік дәрежесіне қатысты ең негізгі дерек ретінде, орта мөлшерде он жобаның ішінен тек бір-екі ғана жоба сәтті аяқталатындығын айғақтауға болады. Бұл ретте бизнестің инновациялық жобаларын енгізуінен түскен пайда, тәуекел мен қорқыныштан қандай да бір жоғары санаттағы жаңа фирма құрылып, құрылуға кеткен шығындарды жасыратын іспеттес. Егер мұндай жобалар көп болса, заң бойынша тәуекелің көп бөлігі минималдана және инновациялық бизнестің сәтті аяқталу мүмкіндігі жоғарылайды. Инновациялық бизнестің дамуы мақсатымен, барлық дамыған елдерде, инновациялық жобалардың және қаржы тәуекелі диверсификациясы енгізілген негіздегі ұйымдарды орталықтандырумен шұғылданатын венчурлық қаржыландыру жүйесі тәжірибеден өтуде. Венчурлық қаржы пайда болғанға дейін, шағын және орта бизнестің әлемге әйгілі бірнеше көздері болды: банктік қаржы, ірі корпорациялар және компаниялар, сонымен қатар ағылшын тіліне тән америкалықтар мен ағылшындар атаған «business angels» немесе «бизнес періштелері» сынды ауқатты адамдар болған.
Jsk ақпараттық агенттігі