• 29 ноября, 2024 2:28 пп

Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиелеуден қандай айырмашылығы бар?

Автор:admin

Авг 4, 2024

Біріншіден, инвестор өз қаржысын акцияға сала алады. Қаржылық кеңестер беру арқылы жаңадан ашылған кәсіпорындардың жұмысын алға бастыруға көмектеседі. Екіншіден, банктер сияқты тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді. Венчурлық капитал беруші сәтсіздіктер орын алса, акционері ретінде жауапкершілікті өз мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптестікте жұмыс жасайды. Егерде венчурлық инвестордың қаражаты жетпейтін болса, ол компаниямен бірлесе жаңа қаржы көздерін іздейді. Сосын жоғары технологиялы компания венчурлық капиталды тарту, ғылыми сыйымды өнім шығару, жоғары рентабельді болғанынша кеңеюі, жоғары пайда алып келуі мен акцияларының қор биржасында сатылып, пайда әкелуі сияқты даму кезеңінен өтеді». Бізде венчурлық бизнестің дами алмау себебі венчурлық қорлар мен ғалымдар арасын байланыстыратын мықты мамандардың болмауы. Әйтпесе венчурлық бизнес біздің мемлекет үшін өте қажет. Венчурлық бизнес бұл жаңа жобалар мен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Сондықтан бизнестің бұл түрі Қазақстан үшін өте тиімді. Бүгінгі күні әлем адамдарға қарағанда жылдамырақ өзгеруде. Қазіргі заманның дамығаны сонша, шекараны өшіріп, арақашықтықты жақындатып, қазіргі заманның коммуникация құралдарының мүмкіндігін арттыруда. Қазақстандық алдында нарық субьектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми ізденістерді қажет ететін технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған жағдайлар тудыру міндеті де тұр. Жалпы менің ойымша, венчурлық бизнесті дамыту үшін, ең бастысы, инновациялық инфрақұрылымнан басқа, инвестициясын тәуекелі жоғары жобаларға салушылар да, тәуекелі жоғары инновациялық жобаларды ұсынушылардың да жеткілікті болуы шарт. Ал бізде соның екеуі де тапшы. Екінші жағынан отандық ғалымдар жасаған инновациялық жобалар елімізде қолдау таппай, көпшілігі Қытайдың өндірісін дамытуға үлес қосуда. Ондай жағдайлардың болуы да бір жағынан заңды секілді. Өйткені біз венчурлық бизнесті енді ғана үйреніп, әліппесінен бастап жатқан елміз.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin