• 20 сентября, 2024 1:24 дп

Венчурлік дамуда – инвестицияның маңыздылығы

Түркістан облысы мен оның аудандарында венчурлік қаржыландыру саласы біртіндеп даму үстінде. Олай айтуымызға себеп бар, үйкені өңірдің қаржы нарығында айтарлықтай үлесі бар. Негізінен венчурлы компанияда инвестицияның өмірлік циклі 5-7 жыл арасында болады. Осы уақыт аралығында венчурлы компания инвесторлары алдын – ала айтылған пайда мен салған қаражаттарын алуы үшін оң нәтижелер арқылы экономикалық тиімділікке жетуі тиіс. Негізінен инвестициядан шығудың негізгі бес жолы бар: 1. Басқа шаруашылық компания саудасында өз үлесін сату. 2. Инвестордан менеджменттің компанияның алдыңғы даму кезеңінен қалған акциялар пакетін алу. 3.Ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізетін басқа бөлімнің компанияны қайта қаржыландыруы немесе венчурлық капиталының бір бөлігін сатып алуы. 4. Компанияны құтқару. Егер компанияның құны бизнес-жоспармен салыстырғанда төмен болса, онда оны сату барысында инвестор жоспарлаған пайданы ала алмайды. Акционерлердің алдында компанияны модернизациялау қажеттілігі мен алдын ала сатуға дайындау, оның ішінде қайта құрылымдау мәселелері тұрады. Компанияның беделін көтеру үшін қосымша уақыт пен жаңа құралдар қажет. Осы мақсатта банктен кредит алуға немесе компанияның дамуының осы кезеңіне бағытталған венчурлық қорлардан инвестиция алуға болады. Бірақ кей жағдайларда инвестор күткісі келмейді және өзінің қаражатын қайтаруды талап етеді. Мұндай жағдайда қайта құрылымдаудың орнына басқа нәтижелі компания құрамына ену үшін сатуға дайындық жүргізіледі, сонымен қатар компания стратегиялық инвесторға сатылуы мүмкін немесе толық сатылуы мүмкін. 5. Ірі қор биржасына шығу. Бірақ Лондон Қор Биржасында, NASDAQ қор биржаларында акцияларды тіркеу өте қиын, дегенмен имиджі жоғары венчурлық компаниялардың құнды қағаздары осы қор биржаларында айналымға шығарылады. Инвестициядан шығудың мүмкін жолдары осындай. Инвесторды таңдау көптеген факторлардан, әсіресе оның жеке тәжірибесіндегі жинақталған түйсігінен және кәсіпкер кеңес берушілердің берген шешімдерінен тәуелді болады. 5.Венчурлық капиталдың қайнар көздері. Дамыған елдер тәжірибесінде жоғары технологиялы шағын компанияларды қаржыландырудың қайнар көздерін бөледі: ресми және ресми емес секторлардың қайнар көздері.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin