• 3 декабря, 2024 5:13 пп

Венчурлік капиталдың ықпалы

Автор:admin

Авг 1, 2024

Түркістан облысында венчурлік қаржыландыру саласы қарыштап даму үстінде. Оған себеп облысымзда қаржылық банктердің топтасу саясатын алып қарастырсақ болады. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.
«Қазақстанда «Венчур»-ағылшынның «venture» тәуекелді кәсіпорын,бастама дегенді немесе мекеме тәуелділігі деген мағынаны білдіреді. Венчурлық капитал жеке бизнесті қаржыландырудың баламалы нысаны ретінде АҚШ-та 50-жылдардың ортасында пайда болды. Еуропаға ол тек 70-жылдардың соңында ғана келді. Венчурлық капитал пайда болғанға дейін әлемде шағын және орта бизнесті қаржыландыруды банктік капитал,ірі корпарациялар мен компаниялар және ауқатты адамдар қаржыландыру арқылы жүзеге асырылған. Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз — технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады. Егер венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ-«тәуекелді кәсіпорын» болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуекелді жобаларға салынған инвестициялар есебінен ақша табады». Венчурлық бизнес көпшілікке таныс емес бизнес түріне жатады, тек соңғы жылдары ғана бизнестің осы түріне айрықша назар аударыла бастады. Қазақстан азаматтары венчурлық қорлардың жұмысымен толық таныс деп айта алмаймыз. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық жұмыс істемеуінің де өз әсері бар. Енді, осы венчурлық қорларға тоқтала кетсек. Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді. Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты- «Қазына» орнықты даму қорына кіретін ҰИҚ өзек болған. 2005 жылдан бастап ҰИҚ Еуропалық венчурлық капитал қауымдастығы мен венчурлық инвестициялаудың Сингапурлық қауымдастығына мүше болып табылады. 2004 жылдан бері ҰИҚ даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, оладың қаупінің төмендеуіне, инновациялардың коммерцияларндыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзәрә тиімді әрекет жасауына өз септігінтигізеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin