• 20 сентября, 2024 12:44 пп

Венчурлік салым – ұлттық инновацияны көтереді

Автор:admin

Авг 14, 2024

Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Түркістан облысында венчурлік инвестицияларды тарту бойынша, мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеуде.  Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән. Тап бүгінде ұлттық инновациялық жүйені құрудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталып жатыр. Ендігі мақсат – венчурлық бизнеспен «Қазына» да, оның еншілес компаниялары да емес, жекеменшік секторлардың тікелей айналысуын қамтамасыз етуіне тіреліп тұр. Дамыған елдерде бизнестің бұл түрі, негізінен, қалталы адамдардың қолында. Ал бізде оны құрып, аяғынан нық тұрғызуды мемлекет «Қазына» тұрақты даму қоры» арқылы ғана жүзеге асыру үстінде. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін шамалай беруге болады. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін жалғыз «Қазынаның» ұмтылысы жеткіліксіз екендігі және анық. Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin