• 30 декабря, 2024 9:46 пп

Венчурлік қаржыландыруды дамытудағы – стартап қызметтердің өзектілігі

Автор:admin

Июн 7, 2024

Түркістан облысында стартап жобалар өте көп. Солардың бірі венчурлік жолмен жүзеге асып жатқан қаржыландыруды дамыту.  Венчурлік Қорға қатысушылар, венчурлік Қорға қатысушы болуға ниет білдірген тұлғалар, венчурлік қор, стартап-қызметі үшін венчурлік қаржыландыру берілетін компания және (немесе) осындай стартап-компаниялардың қатысушылары (акционерлері) венчурлік қордың және(немесе) стартап-компанияның активтеріне не оларға қатысуға қатысты өзара опциондық шарттар (stock option) жасасуға құқылы. Стартап-қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын компания және (немесе) осындай стартап-компаниялардың қатысушылары (акционерлері) стартап-компанияның қызметкерлерімен стартап-компанияның мүлкіне немесе оған қатысуға қатысты опциондық шарттар жасасуға құқылы. Опциондық шарт, егер опциондық шартта көзделген іс-әрекеттерді жасау туралы талап белгіленген мерзімде мәлімделмесе, тоқтатылады. Шарт жасасуға арналған опцион қайтарып алынбайтын Офертаның акцептіне арналған мерзім белгіленбеген жағдайда, егер шарттың немесе әдет-ғұрыптың мәнінен өзгеше туындамаса, бұл мерзім бір жылға тең деп есептеледі. Егер шартты жасасуға опцион өзгеше көзделмесе, ол бойынша төлем қайтарып алынбайтын Офертаның негізінде жасалатын шарт бойынша төлемдер есебіне есептелмейді және акцепт болмаса, қайтаруға жатпайды. Шарт жасасуға арналған Опцион шарттың жасалуы тиіс нысанасын және басқа да маңызды талаптарын айқындауға мүмкіндік беретін шарттарды қамтуы тиіс. Жасалуға жататын шарттың мәні қайтарып алынбайтын Офертаның акцепті кезінде оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен сипатталуы мүмкін. Шарт жасасуға арналған Опцион жасалуға жататын шарт үшін белгіленген нысанда жасалады. Егер мұндай келісімнің мәнінен өзгеше туындамаса, шарт жасасуға арналған Опцион басқа келісімге енгізілуі мүмкін. Шарт жасасуға арналған опцион бойынша құқық, егер осы келісімде өзгешекөзделмесе немесе оның мәнінен өзгеше туындамаса, басқа тұлғаға берілуі мүмкін. Сондай-ақ, енді шартқа «кепілдіктер туралы» (warranties) ережені қосуға болады. Бұл Шарт талаптарын, мысалы, баға, қандай да бір шектеулердің күшін сақтау мерзімі және т.б. анықтайтын өтініштер. Оларды бұзу инвесторға шартты бұзуды және шығындарды өтеуді талап етуге құқық береді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin