Бүгінде Түркістан облысында венчурлік шарттарды қаржыландырудың негізгі тетіктері қарастырылған. Аймаққа салынған инвестицилар өз жемісін беріп, венчурлік жолмен келген пайда мемлекетке салық ретінде қайтып отыр. Венчурлік қаржыландыру мақсатында шарт жасасқан тарап шарт жасасу, оны орындау немесе тоқтату үшін маңызы бар мән-жайлар туралы екінші Тараптың дұрыс емес растамаларына негізделген ақылға қонымды түрде сүйене отырып, ол келтірілген залалдарды өтеуге құқылы, егер: 1) мән-жайлар туралы дұрыс емес растама берген Тарап олардың дұрыс еместігі туралы және контрагенттің келісілген шарттарда шарт жасасу кезінде осындай дұрыс емес растауларға сүйенетіні туралы білсе немесе білуге тиіс болса; 2) мән-жайлар туралы растамалар жазбаша нысанда жасалса және осындай растауларды берген адамның өзі үшін міндеттемелер немесе өзге де азаматтық-құқықтық салдарлар жасау ниетін білдірсе. Міндеттеме тараптары өздерінің венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыруы кезінде әрекет ете отырып, шартта бір тараптың басқа тараптың шартта айқындалған мән-жайлар басталған кезде туындаған және оның тарапының міндеттемені бұзуына байланысты емес мүліктік жоғалтуларын (міндеттемені орындаудың мүмкін болмауынан, үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік билік органының шартта көрсетілген тарапқа немесе үшінші тұлғаға талаптар қоюынан туындаған жоғалтулар және басқалары) көздеуі мүмкін. Шартта мұндай шығындарды өтеу мөлшері немесе оны анықтау тәртібі айқындалуға тиіс. Егер Тарап шығындардың мөлшерін ұлғайтуға қасақана жәрдемдескені дәлелденсе, сот шарт тараптары көздеген шығындарды өтеу шегін азайтуға құқылы. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Шарттың Тараптары көзделген шығындар Шарттың жасалмаған немесе жарамсыз деп танылуына қарамастан өтеледі. Егер шығындар үшінші тұлғаның заңсыз әрекеттеріне байланысты туындаған жағдайда, мұндай шығындарды өтеген тарапқа кредитордың шығындарды өтеу туралы талабы осы үшінші тұлғаға ауысады. Осылайша, нормативтік актілердегі қабылданған өзгерістер Қазақстан Республикасында венчурлік қаржыландыру нарығын дамыту үшін құқықтық негіз береді. Сонымен, венчурлық қаржыландырудың құқықтық базасын құру және оны жетілдіру арқылы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту көзделген. Жалпы, еліміздегі жеке венчурлық капитал нарығын ынталандыру — шетелдік инвестицияларды инновациялық қызметке тартудың тағы бір маңызды қадамы.
Jsk ақпараттық агенттігі