• 29 ноября, 2024 10:33 дп

Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі

Автор:admin

Авг 8, 2024

ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Түркістан облысында осы салада атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады. Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады. Қазақстандағы ғылымның негізгі проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмаушылығы, олардың өндірістен қол үзушілігі болып табылады. Ғылыми әзірлемелердің қажетсіздігі, ғылым жүйесіндегі қазіргі құрылымдық диспропорция және соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін бола тұрса да, экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламаумен түсіндіріледі. Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. «Қазақстан Республикасында инновациялық белсенділіктің өсуіне жоғары техникалық жəне ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жəрдемдесу мақсатында ұлттық инновациялық қор құрылған. Инновациялық қорды құру инновацияларды енгізудің тиімді жəне рыноктық тетіктерінің болмауының жүйелік проблемасын шешуі венчурлық қаржыландыруды ынталандыруы тиіс. Венчурлық кəсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пəрмендh тетiктерiнiң бiрh бизнес-инкубация процесh болып табылады яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау əлі күрделі оларды дамытудың əлі ерте қауіпті кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс болып табылады»

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin