• 8 сентября, 2024 4:55 дп

Венчурлік қор немесе қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынатын тұлға

Автор:admin

Июн 7, 2024

Түркістан облысында венчурлік қорлардың жұмысы жеңілдетілген түрде қалыптасқан. Себебі аймаққа тартылатын инвестициялардың басым бөлігі венчурлік қорлардың акцияларымен тығыз байланыста. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жекелеген өңір компанияларын қолдау шаралары жүзеге асуда. Ал енді венчурлік қаржыландыру деген сұрағымызға жауап іздесек. Қаржыландыру көзін венчурлік әдіспен ұсынатын тұлға болып табылатын қоғамның акционерлері Акционерлік келісім (shareholders’ agreement) жасасуға құқылы. Акциялармен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру және (немесе) акцияларға құқықтарды жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы шарт акционерлік келісім деп танылады. Акционерлік келісім бойынша оның Тараптары акциялармен куәландырылған құқықтарды және (немесе) акцияларға құқықтарды белгілі бір түрде жүзеге асыруға және (немесе) аталған құқықтарды жүзеге асырудан қалыс қалуға (бас тартуға) міндеттенеді. Акционерлік Келісімде акционерлік Келісім тараптарының акцияларына қатысты осы Келісім жасалған қоғамның басқару органдарының нұсқауларына сәйкес дауыс беру міндеттемелері бола алмайды. Акционерлік Келісім оның Тараптары үшін ғана міндетті болып табылады. Акционерлік келісім тарабы акционерлік Келісімді бұза отырып жасасқан шартты, егер басқа тараптың шарт бойынша акционерлік Келісімде көзделген шектеулер туралы білгені немесе білетіні дәлелденсе ғана акционерлік келісімнің мүдделі тарабының талабы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін. Акционерлік келісімде акционерлік Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері және осындай міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік шаралары көзделуі мүмкін. Акционерлік Келісім (оның бір бөлігі немесе бөліктері) өзінің қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады: 1) акционерлік келісім жасалған мерзім аяқталған; 2) бұрын жасалған акционерлік Келісімнің ережелеріне қайшы келетін жаңа Акционерлік келісім жасасу; 3) Акционерлік Келісімде көзделген өзге де жағдайларда. Акционерлік келісім мен бір акционерлік қоғам жарғысының арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, бір акционерлік қоғам жарғысының талаптары төмендегідей жағдайда қолданылуы тиіс.: 1) акционерлік келісімде, егер олар акционерлердің өзара қарым-қатынастарына қатысты болса; 2) жарғыда, егер оларды қолдану акционерлік қоғамның үшінші бір тұлғамен қатынасы үшін маңызды болса.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin