Орталық сайлау комиссиясының жұмысы ашық болуы үшін, ОСК басшысы мен комиссия мүшелері қандай да бір партияда, одақта, ұйымда болмауы керектігі заңда көретілді. Бұл ОСК жұмысына сенімді арттыру үшін жасалған дұрыс қадамның бірі. Қазақстанның сайлау органдары жүйесінің тұрақты сайлау циклі форматына толық көшуі орын алуда. Орталық сайлау комиссиясының жұмысы ашық әрі айқын болуы тиіс. Ұлттық және халықаралық институттармен тұрақты және берік байланыстар орнатылып, нақты қадамдар жасалуда. Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған тұрақты диалог алаңдары серпінді дамып келеді. Оның ішінде «Сараптамалық кеңес», «Жас сайлаушылар клубы» бар және аталмыш ұйымдар мен бірлестіктер Орталық сайлау комиссиясы мен қоғам арасындағы шынайы байланыстырушы көпірге айналуда. Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы да қайта жасақталып, оның қызметі белсендірілді. ОСК тарихында алғаш рет «Сараптамалық кеңес» алаңында Қазақстандағы ел сайлауының барысына халықаралық мониторинг нәтижелерін кеңінен және ашық талқылау дәстүрге айналып үлгерді. Сайлау науқаны кезінде де, сайлау аралық кезеңде де ОСК мүшелері мен өңірлер жұртшылығы мен жастары арасында тұрақты, тікелей, ашық диалог форматы құрылуда. Бұл ОСК-ның негізгі басым міндеттерінің біріне жатады. Осылайша ОСК жұмысы жыл өткен сайын жанданып, заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталып, еліміздегі саяси науқандардың әділ, шынайы, ашық өтуіне мұрындық болуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар бағдарламасы аясында кейінгі екі жылда ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды. Әкімдерді сайлау – дауыс беру жүйесі мен жергілікті атқарушы билікті демократияландырудың эволюциялық тәсілі. 2021 жылы ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы сайлауы, ал 2023 жылы аудан әкімдерінің алғашқы сайлауы өтті. Бұл елдегі дәйекті және маңызды реформалардың сабақтастығын көрсетеді. Аудан әкімдерінің сайлауы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері деңгейінде апробациядан өтті. Мәселен, екі жыл ішінде ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың 1 668 әкімі сайланды. Оның 75 пайызын саяси партиялар ұсынса, қалған 25 пайызы – өзін-өзі ұсынушылар. Сондай-ақ сайланған әкімдердің 57,4 пайызы бұрын бұл қызметте жұмыс істемеген. Бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды дегенді білдіреді. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау азаматтар үшін өз елді мекендерінің дамуына тікелей ықпал етудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Олар мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс істеуінің жаңа ұзақмерзімді қағидаттарын қалыптастырады, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипатын сапалы өзгертеді. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылдау, сайлау және саяси партиялар туралы заңнаманы либерализациялау, сондай-ақ Конституциялық реформа есебінен саяси модельді түбегейлі жаңарту, әкімдердің тікелей сайлануын енгізу – мұның барлығы ел тұрғындарының саяси мәдениеті мен сауатын арттыруға ықпал етеді. Жалпы, тікелей сайлау азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Әкімдерді сайлауды енгізу біртіндеп меритократия қағидатының үстемдігіне әкеледі. Яғни билікке әлеуметтік шығу тегі мен материалдық байлығына қарамастан қабілетті басқарушылар келеді. Сайлау арқылы азаматтар өздерінің қалауларын, мүдделері мен қажеттіліктерін білдіреді, бұл аймақты тиімді басқаруға ықпал етеді. Тұрғындар өз ауданының әкімдерін сайлауға тікелей қатысуға мүмкіндік алды. Осы тұрғыда бұл сайлау әкімдер корпусының белгілі бір жаңаруына, мемлекеттік қызметке жаңа тұлғалардың келуіне ықпал етпек. Мұның бәрі жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің одан әрі дамуына оң серпін береді, елдегі прогрессивті өзгерістер факторларының біріне айналады. Аудан әкімдерінің сайлауы жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіндегі елеулі институционалдық өзгерістерге әкеледі. Ол ұзақмерзімді келешекте мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын сапалы жаңа ортаның негізін қалайды.,
Jsk ақпараттық агенттігі