• 21 ноября, 2024 12:21 пп

ЕНДІ АЗАМАТТАР ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН КАСПИ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕЙ АЛАДЫ

Автор:admin

Мар 1, 2023

 

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар жалдау шартының талаптарына сәйкес ай сайынғы төлемді жасауға міндетті. Ол үшін тұрғындар ешқайда бармай ақ Каспи қосымшасы арқылы төлей алады.

Каспи қосымшасына кіру арқылы мемлекеттік қызметтер бөліміндегі «Салықтар» оның ішінде «Жеке тұлғалар үшін деректемелер бойынша салықты» таңдау арқылы Тұрғылықты қалаңызды, төлем түрін БЖБ (КБК) 201507, тұрғылықты мекен жайыңызды, төленетін айлық кезеңді, аты жөніңізді, және төленетін соманы енгізіп көрсетілген қатарларды толтыра отырып соңында «ТӨЛЕУ» батырмасын басасыз.

Дәл осылай жалдамалы баспананың ай сайынғы төлем ақысын сіз үйден шықпай ақ Каспи қосымшасы арқылы төлей аласыз. Бұдан бөлек жалдамалы баспананың ай сайынғы төлем ақысы казпочта немесе екінші деңгейлі банктер арқылы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

Автор: admin