• 19 сентября, 2024 1:44 дп

Есірткіден еліміз аулақ болуы тиіс!

Автор:admin

Май 2, 2024

Шымкентте нашақорлықты өршітпеу үшін атқарылып жатқан кешенді профилактикалық жұмыстар ұлғайтылды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемеклұлының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын негізге ала отырып, қоғамның ашық проблемаларымен бірлесіп шешу арқылы нашақорлықты болдыртпау оған әуесқойлықты тоқтату Шымкент қаласы әкімдігінің басты мақсаттарының бірі. «Есірткі (наркотик)» сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді. Есірткі құралдарына – табиғаты әр түрлі заттар тобының түрлері болып саналатын бүтіндей өсімдіктер, яғни сора, көкнәр, эфедраның ұнтақталған бөліктері кіреді. Оның ішінде сора өсімдігінен (марихуана, гашиш), көкнәрдан (апиын), заңсыз дайындалған синтетикалық есірткі құралдары (героин, амфетамин және оның туындылары) жатады. Бұларды өз бетінше, медициналық мақсаттан бөлек теріс пайдалану – нашақорлыққа соқтырады. Нашақорлық дегеніміз – адамның есірткіге тәуелділігі. Бұл дерт организмнің тіршілік етуі үзілмей, оны белгілі дәрежеде ұстап тұрып есірткіні үнемі тұтынуға және дене мен жүйке қызметінің әбден әлсіреуіне алып келеді. Халықтың есірткіге, нашақорлыққа салынуы қылмыстың, аурудың өсуіне, атап айтқанда, СПИД, вирусты гепатит және тағы да басқа ауруға әкеліп соқтыратыны баршаға мәлім. Халықаралық дәрежеде есірткі заттарының айналымын бақылау алғашқы рет ХХ ғасырдың бірінші жартысында, яғни 1909 жылы Қытай Халық Республикасында жүргізілген. Апиын бойынша халықаралық комиссияның конференциясы қорытындысымен бірнеше мемлекеттерде медицинада қолданылатын заңды түрде жіберілетін есірткі заттарын реттеу бойынша халықаралық келісімдер жүргізіле бастады. Сол кезден бастап, есірткіге тыйым салынып, заңсыз айналымына байланысты жауапкершілік жазасы тағайындалды. Қытай және Филиппин мемлекеттерінің бастамаларына қосыла отырып, АҚШ 1914 жылы есірткінің заңсыз айналымы бойынша алғаш рет феделалдық заңға өзгерістер енгізді. Бұл заң медициналық емес апиындар мен кокаин таратуға, есірткі заттарын өсіруге тыйым салды. 1937 жылдан бастап каннабисті топқа жататын марихуана мен гашишке бақылау күшейтілді. 1960 жылдың бас кезінде АҚШ басқа да есірткі препараттарын қолдануды көздей бастады да, ол бойынша 1970 жылы Конгресте заң қабылданып, онда басқа да есірткі құралдарын қолданғаны үшін жауапкершілік, сонымен қатар, алдын алу шаралары қарала бастады. Ал Қазақстанда болса еліміз тәуелсіздігін алған күннен бастап бұл дүниеге бір жола тыйым салып, заңмен бекетті.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin