Шымкент қаласының аудан аумақтарында су жиналу қаупі бар нүктелерге ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауданында биыл осы бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.
Аудан аумағында жауын-шашын сулары жиналатын орындарға зерделеу жүргізіліп, 57 мекенжай анықталған. 2022-2024 жылдар аралығында анықталған аумақтарға кезең-кезеңімен (2022 жыл – 21 көше, 2023 жыл – 20 көше, 2024 жыл – 16 көше) ирригациялық жүйелер орнатылды. Сонымен қатар, Сайрам көшесінің бойындағы ирригациялық арықтар қайта жаңартудан өтті.
Мониторинг жұмыстарына сәйкес, су жиналу қаупі бар 10 мекенжайға биыл ирригациялық арықтар орнату жоспарланып отыр. Айта кетсек, 2021-2025 жыл аралығында «Жол қартасына» сәйкес, «Маятас» тұрғын алабы, «Бадам» өзенінің 4,4 шақырым жағалауын нығайту жұмыстары атқарылды.