• 25 ноября, 2024 4:32 дп

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Май 18, 2023

Еңбекші ауданы жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы мен Еңбекші ауданы АПБ полиция полковнигі Амзеев Алмас Балтабайұлы ауданның рухани-әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген талантты жастар, жас ғалымдар, волонтерлер, қоғамдық ұйым мүшелері мен әр саланың белсенді жастарымен еркін форматта сұхбат құрды.

Мақсаты – билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орната отырып, емін-еркін пікір алмасу.

Кездесуде Досбол Күздікбайұлы өзінің қызмет саласында атқарып жүрген жұмысына тоқталып, жастар саясатына қатысты біршама жоспарлармен бөліссе, Еңбекші ауданы АПБ полиция полковнигі Алмас Балтабайұлы қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.

Жастар спикерлерге жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, жас кәсіпкерлерді қолдау мен заң аясында түрлі сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Белсенді жастардың ойы мен ұсыныстарын тыңдаған аудан әкімі, жастарға сенім артатынын жетізіп, игі істердің басында жүрген ұл-қыздарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, аудан белсенділерін жастар саясатына үлес қосуға шақырды.

Автор: admin